Жұма, 28 Шілде 2017 г. 08:34

Кәсіпкерлік

Күршім ауданы бойынша шағын және орта бизнестің дамуы туралы

Шағын және орта кәсіпкерлік
Бүгінгі күні аймақтағы шағын кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын бизнес халықтың елеулі жұмыспен қамтылу пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең саласын құруды, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көп үлесін қамтамасыз етеді. Аудандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің үдемелі динамикасы бар, бұл аталған экономиканың секторын дамытудағы оң тенденция туралы куәлік етеді.
Күршім ауданы бойынша 2011 жылғы 1 қаңтарына тіркелген шағын және орта бизнес субьектілер саны 1937, оның ішінде заңды тұлғалардың саны-23, патентпен жұмыс істейтін кәсіпкерлік саны-489, жалпы режим бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар-39, бір күндік талонмен жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны-69, шаруашылық қожалықтары-963 және жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар -354.
2011 жылы ауданның кәсіпкерлері өз қаражаттарына 1 наубайхана, 2 шаштараз, 5 өнеркәсіптік және азық-түліктік дүкендер, 1 автобекет, 1 балық өндеу цехы және т.б. кәсіпкерлік нысандары ашылды.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тетігінің әрекетін қамтамасыз ету, ауданның шағын және орта бизнесін дамытуға өз әсерін тигізуде. Ағымдағы жылдың 12 айында ауданда 256 дүкен және дүңгіршектер, 10 асхана және дәмхана, 2 бөлшек сауда базары, 11 жанар-жағар май стансасы, 11 дәріхан, 11 наубайхана және 1 автобекет жұмыс істеуде.

Аудандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және құнсыздану үрдістерін тежеу бойынша атқарылған шаралар туралы анықтама.
Елбасының тапсырмасын орындау үшін, құнсыздану үрдісін болдырмау, экономиканы қолдау мақсатында және ішкі нарықты жанар-жағар маймен және халық тұтынатын маңызды арзан азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету маңыздылығын ескере отырып кәсіпкерлермен өзара түсіністік және қарым-қатынас жөнінде екі жақты келісім, меморандум жасаудың маңыздылығы артып отыр.
Қазақстан Республикасының Президентінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында, қазба байлығын игеріп отырған кәсіпорындар мен меморандумдар жасау жөнінде тапсырманы орындау үшін ауданда орналасқан шағын және орта бизнес субектілерімен 2011 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 49 меморандум жасалып, жалпы сомасы 441,4 млн теңгенің жұмыстары жасалды.
Сонымен қатар ауданда жұмыс істеп тұрған барлық сауда кәсіпорындарымен (дүкен және дүңгіршектер) 165 меморандум, яғни 100 пайызы қайтадан жасалынды. Меморандумның шарттарына сәйкес, толайым бағамен сатылып алынған 33 түрлі маңызды азық-түлік өнімдерінің әр килограммына (өлшем бірлігіне) транспорттық шығынды қосқандағы сатып алынған бағаға сауда үстеме бағаны 10 пайыздан асырмауға міндеттенді. Ауданда 8 әлеуметтік дүкен 30 әлеуметтік бұрыш ашу үшін меморандум жасалды. Аталған дүкен иелері маңызды азық-түлік тауарларының 18 түрін арзандатылған бағамен саудалайды.
Елбасының дағдарысқа қарсы атқарып жатқан саясатын алдыға қоя отырып, маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында аптаның әр сенбісінде аудан орталығының орталық алаңында және Теректі ауылдық округінің орталық алаңында ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін сату бойынша жәрмеңке өткізу дағдыға айналды. Жәрмеңкеге ауылдық округтер аудан әкімімен бекітілген кестеге сәйкес қатысады. Жәрмеңкеде сатушыларға арнайы палаткылар құрылып, столдармен қамтамасыз етіледі. Күршім ауданында 2011 жылы 42 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп 46,9 млн. теңгенің өнімі саудаланды. Ауданның кәсіпукерлері 2011 жылы Өскемен, Семей және Астана қалаларында өткен жәрмеңкелерге 5 рет қатысып 28,4 млн. теңгенің өнімін саудалады.
Әлеуметтік маңызды дәрі-дәрмек бағасының көтерілуін болдырмау мақсатында Күршім ауданында жұмыс істеп тұрған барлық 10 дәріхана иелерімен меморандум жасалды. Жасалған меморандумға сәйкес, дәріхана иелері отандық дәрі-дәрмектің 200 түрін тіркелген бағада сатылуын қамтамасыз етеді.

Шағын және орта бизнес өкілдеріне және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға ақпараттық, білімділік кеңес беру курсын өткізу бойынша атқарылған жұмыстар
«Бизнес - Кеңесші» орта және шағын бизнес субъектілерін қаржысыз қолдау бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ жылына екі рет өткізіліп тұрады. 2011 жылы маусым айында Күршім ауданы әкімшілігінің үлкен залында екі күндік экспресс курсын өткізіп, 29 аудан тұрғыны сертификат алды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды бастамашылық ету жөніндегі жұмысты белсендіру мақсатында несие алуға ниет білдіруші кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар Күршім ауылында аудан әкімдігінің үлкен залында мемлекетің кәсіпкерлікті қолдау механизмі аясында (Өнімділік-2020) «Ертіс» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы»ҰК» АҚ аудан кәсіпкерлеріне семинар-кеңес өткізді. Семинарға 134 кәсіпкер қатысты.
2011 жылдың 1 және 14 желтоқсанында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің Күршім ауданындағы өкілі С.Қ.Латипова, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің және «Шапағат» Күршім іскер әйелдерінің клубы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Н.М.Долданованың қолдауымен «сауданың дамуына септесу» жобасының аясында Күршім ауданы «Нұр Отан» ХДП» филиалының залында және аудандық мәдениет үйінде шағын және орта бизнес өкілдеріне және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға ақпараттық, білімділік кеңес беру курсын өткізді. Экспрес курсқа 60 адам қатысып қажетті ақпаратпен жарақтанды.
Аудармасы қосымша 2 бетте  

Кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Ө. Шақаев

 

Парақтар өзгертілді: 24-12-2015