Жұма, 23 Маусым 2017 г. 10:59

Құрылыс және ТҮКШ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары

2014 жылы бөлімде құрылыс бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды *.doc 218 kB
2015 жылдың жартыжылдығында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарған жұмыстары туралы *.doc 80 kB
Күршім ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімі *.doc 317 kB

 

“Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі 2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2015 жылы 7 мамыр күні, «Отан қорғаушылар» күніне, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай Күршім ауылында «Даңқ мемориал» кешені ашылды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Күршім ауылында “Көкжал Барақ Шүрекұлының” ескерткіші орнатылуда.
Аудан бойынша 73,2 км қара қиыршық тасты және 1,5 км қиыршық тасты жол жамылғысы салынды.
Күршім ауылы Б.Момышұлы көшесіне 4819,9 м2 жол кеңейту, 428 м2 жаяу жол жүргіншілер жолы салынды, Абылайхан көшесінде 2376,5 м бордюрларды айырбастау жұмыстары жүргізілді. 
Әлеуметтік сала бойынша ауданда үш нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар  Ақжайлау және Үшбұлақ ауылдарындағы 80 орындық мектептер және Сарыөлең ауылындағы дәрігерлік амбулатория. 2015 жылдың қыркүйек айында Ақжайлау ауылындағы 80 орындық мектептің құрылысы толығымен аяқталды. Сарыөлең ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы 2015 жылдың қараша айында аяқталады.
Аудан бойынша 12 ауылға барлығы 207 көше шамдары орнатылды, соның ішінде Күршім ауылы Зангина көшесіне 47, «Даңқ мемориалына», «Сарытау» стадионына 29 энергоүнемдегіш шамдары орнатылды.

  • Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
  • Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
  • Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
  • Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
  • Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Күршім ауданы
әкімінің орынбасары Қ.Әзімбаев

Автомобиль жолдары

Күршім ауданы бойынша 928 шақырым автомобиль жолдары бар, оның ішінде: 76 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары, 551 шақырым облыстық маңызы бар және 301 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары.

Күршім ауданының автомобиль жолдарының сызбасы

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары:

  1. «Үлкен Нарын – Күршім –Шірікаяқ» автомобиль жолы, 0-54 шақырым;
  2. «Топтерек ауылына кіреберіс» автомобиль жолы, 0-4 шақырым;
  3. «Күршім – Алғабас» автомобиль жолы, 0-10 шақырым;
  4. «Күршім–Шірікаяқ-Қарабұлақ» автомобиль жолы, 0-9 шақырым;
  5. «Күршім–Қалжыр-Жылытау» автомобиль жолы, 0-7 шақырым;
  6. «Күршім-Қалжыр–Ақши» автомобиль жолы, 0-8 шақырым;
  7. «Күршім-Қалжыр–Амангелді» автомобиль жолы, 0-4 шақырым;
  8. «Омск-Майқапшағай–Теректі-Игілік-Шеңгелді» автомобиль жолы, 0- 57 шақырым;
  9. «Күршім-Қалжыр–Теректі-Қарашілік-Боран» автомобиль жолы, 0-4 шақырым;
  10. «Оң жақ Қалжыр ауылына кіреберіс» автомобиль жолы, 0-2 шақырым;
  11. «Күршім-Қалжыр–Аманат» автомобиль жолы, 0-30 шақырым;
  12. «Күршім-Ақсуат–Жолнұсқау» автомобиль жолы, 0-27 шақырым;
  13. «Қалжыр–Ақбұлақ-Ашалы-Қайнарлы» автомобиль жолы, 0-12 шақырым;
  14. «Теректі-Урунхайка–Төсқайын-Шанағаты» автомобиль жолы, 0-25 шақырым;

Облыстық  маңызы бар автомобиль жолдары:

1. «Үлкен Нарын – Күршім» автомобиль жолы, 41-135 шақырым;
2. «Күршім – Қалжыр» автомобиль жолы, 0-131шақырым;
3. «Күршім – Қалжыр-Ақбұлақ-Қараой-Ашалы» автомобиль жолы, 0-98 шақырым;
4. «Теректі – Урунхайка-Төсқайын» автомобиль жолы, 0-91 шақырым;
5. «Құйған ауылына кіреберіс» автомобиль жолы, 0-3 шақырым;
6. «Күршім-Қалжыр-Маралды» автомобиль жолы, 0-75 шақырым;
7. «Күршім-Маралды-Теректібұлақ» автомобиль жолы, 0-11 шақырым;
8. «Күршім-Қалжыр-Ақсуат» автомобиль жолы, 0-47 шақырым;
9. «Қаратоғай ауылына кіреберіс» автомобиль жолы, 0-1 шақырым;

Республикалық  маңызы бар автомобиль жолдары:

  1. «Омск-Майқапшағай–Боран-Қалжыр-Теректі» автомобиль жолы, 76 шақырым;

 

Парақтар өзгертілді: 02-12-2016