Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:48

Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарған жұмыстары

Күршім ауданы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2016 жылы 2892,6 млн. теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  (2015 жылы 2778,4 млн. теңге) табиғи индекс көлемі 109,2% құрады.
Оның ішінде: Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2016 жылы 112,3 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырған (2015 жылы 24,3 млн. теңге) табиғи индекс көлемі 6,6 есеге өскен.
Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі 2016 жылы 2463,4 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда (2015 жылы 2495,6 млн. теңге) табиғи индекс көлемі 92,8% құрады. Ауданда 81 кәсіпорын (ЖШС) тіркелген, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға өсті. Оның жұмыс істеп тұрғаны 63 кәсіпорын, белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 52 немесе 102% құрады.
Аудан экономикасының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 2026,1 млн. теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда табиғи индекс көлемі 70,1% құрады (2015 жылдың 12 айында  2743,4 млн. теңгенің инвестициясы тартылған). Оның ішінде нақты секторға тартылған инвестиция көлемі 1812,9 млн. теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда табиғи индекс көлемі  69,4% құрады.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 2016 жылы 6245,5 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,2 пайызға өсті (2015 жылы 5618,2 млн. теңге). Табиғи индекс көлемі 92,7 пайыз. 
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 12 айда 26356,4 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,8%-ға өсті. Табиғи индекс көлемі 110,4%. 
Өткен жылы 18 мың 345 тонна ет алынып, 3 пайызға, 77 мың 143 тонна сүт сауылып, 11,7 пайызға, 6,9 млн. дана жұмыртқа алынып, 8,9 пайызға өсті. Ірі қара мал саны 65244 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға, жылқы саны 22719 басты құрап, 12,2 пайызға, қой мен ешкі саны 184596 басты құрап, 12,7 пайызға өсіп, құс саны 47037 басты құрады.
Аудан бойынша 55808 гектар егістікті жер, оның ішінде 19976 га суармалы егістік жерлер бар. Суармалы егістіктерді суаратын аудандағы 26 канал толығымен «Казводхоз» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына берілген.
Ал егістік жерлердің 26530 гектары агроқұрылымдарға бекітіліп беріліп, 26372 га жері игерілді. Игерілген жер өткен жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға артты.
5058 га жерге дәнді дақылдар, 4008 гектарға майлы дақылдар, 1290 га картоп, 484,6 га көкөніс, 847 га бақша және 14684 га жерге екпе шөптер егіліп, жоспар 101,5 пайызға орындалды.
2016 жылы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне 22 364 000 теңге бөлініп, жыл аяғына дейін 22 056 100 теңгесі игерілді, қалған 307900 теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер  есебінен болған. Нақты орындалуы 99% құрады.
Ауылдық жерде кәсіпкерлікті несие беру арқылы дамыту мақсатында   «Бизнестің жол картасы 2020»  бағдарламасы аясындағы жеңілдіктерді ауданның 2 кәсіпкері пайдалануда. Қалжыр ауылындағы «Мадияр» шаруа қожалығы мен Урунхайка ауылындағы «Береке» шаруа қожалығы алған несиелерінің пайыздық үстемақысының 50 пайызы субсидияланып, қойылған кепіл мүліктерінің жартысына мемлекеттік кепілдеме берілді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы барлығы 154 бас ірі қара мал, оның ішінде 147 бас сиыр, 7 бас асыл тұқымды бұқа 13,9 млн. теңгеге алынды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 60 бас жылқы, 15 млн 750 мың теңгеге оның ішінде 52 бие және 8 айғырлардың сатып алынды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 8 млн. теңгеге 292 бас қой сатып алынды.
«АгроБизнес-2020» бағдарламасы аясында 375 млн 291,5 мың теңге субсидия игерілді, оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында 282 млн 606,4 мың теңге көлемінде субсидия игеріліп, 17,4 пайызға өсті.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 14 млн. 561,1 мың теңге субсидия игерілді. Бұл субсидия түрін 61 шаруа қожалығы ғана алған, немесе 6,5 пайыз ғана.
Аудандағы ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері 218 млн. 742 мың тенгенің 59 дана жаңа техникасын сатып алды. Оның 142 млн. 895 мың тенгенің 20 бірлік техникасын ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамы арқылы лизингке алса, қалған 75 млн. 847 мың тенгенің 39 дана техникасын шаруашылықтар өз қаржыларына сатып алды. Сатып алынған техникалардың құнын арзандатуға барлығы 78 млн. 124 мың теңге сомасында инвест субсидия төленді.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі хаттамалық шешімімен берілген «Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатындағы құрылғыларды салуды ұйымдастыру» жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында 2016 жылы 12 скважина мен құдық қазылып, тапсырма 100 пайызға орындалды. Қазылған 12 құдықтың 4 құдығын қазу үшін шыққан шығынының (4558,4 мың теңге) 80 пайызына, яғни 3646,7 мың теңге инвест субсидия төленді.
Сонымен бірге атқарылмай жатқан жұмыстар да бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық аудандарда сүт-тауарлы фермаларын ашу, сүт жинау пункттерін ашып, ауылда отырған жеке қосалқы шаруашылықтарына өз өнімдерін өткізуге жағдай жасау тапсырылған. Бүгінге бұл жұмыс инвесторлардың жоқтығынан, қаржы институттарынан несие алу үшін бұрынғы берешектері кедергі келтіргендіктен тоқтап тұр.
Ағымдағы жылы аудан бойынша 30700 тонна картоп, 17104 тонна көкөніс, 34348 тонна бақша өнімдері өндірілді.
Күршім ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субьектілерінің саны -1851, заңды тұлғалардың саны-63, жеке кәсіпкерлер 846, шаруа қожалықтары 942.
Ауданда 81 кәсіпорын (ЖШС) тіркеліп, 6,6 пайызға өсті. Оның жұмыс істеп тұрғаны 63 кәсіпорын. Белсенді кәсіпорындар саны 52-ні құрап, 2 пайызға өсті.
2016 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1049, оның ішінде қағаз нысанда - 1016 және ХҚКО арқылы – 33 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Облыс әкімінің және аудан әкімінің 2016 жылы берген барлық 45 тапсырма уақытылы және сапалы орындалды.

Индустриаландыру картасы

Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Қаршыға» мыс - кен орнында кен-байыту кешенін ашуға 2007 жылы 28 ақпанда № 2314 Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министірлігімен Күршім ауданында орналасқан «Қаршыға» кен орнында барлауға және өнім шығаруға келісім-шарт жасасты.
Жобанын іске асу уақыты: 2014-2019 жылдарына қарастырылған.
Күршім ауданынан Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына  2012 жылдың желтоқсан айында «ГРК МЛД» ЖШС-ның «Қаршыға» мыс кен орнында кен-байыту кешенін ашу» жобасы кірген, жалпы құны 17400 млн. теңге.
Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде «ГРК МЛД» ЖШС –нің «Қаршыға» мыс - кен орнында кен-байыту кешенін ашу» жобасы бойынша іске асу уақыты: 2014-2019 жылдарына қарастырылған. Жобаны іске асыру екі кезеңге бөліген. I кезеңде: сәуір 2015- сәуір 2017 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары жүргізіледі. II кезеңде: қаңтар 2018 – қаңтар 2019 жылы жобалық қуаттылығын жылына 40 000 тонна мыс концентраты және 3300 тонна мыс катодын өндіру немесе қаржылай 6 млд. 525 млн. теңгенің өнімін өндіру жоспарлаған. Құрылыс жұмыстары кезінде 700 адам, ал тұрақты жұмыспен 400 адам қамтылады.
Жоба иесімен күнделікті сөйлесіліп, ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні өткен кеңес отырысында  «ГРК МЛД» ЖШС –нің бас директоры А.Бекқұловтың  (Қаршыға кен байыту кешені) жұмысы туралы ақпараты тыңдалды. Бүгінгі күні кәсіпорын иесі инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, Біріккен Араб Эмиратының «Қарасай-Trading» компаниясымен инвестиция салуға келісілді. 2017 жылдың мамыр айынан бастап инфрақұрылым құрылысына кіріседі.

 

Кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Ашманов

 

Парақтар өзгертілді: 09-02-2017