Сәрсенбі, 21 Қараша 2018 г. 18:47

Әлеуметтік сала

Жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы *.zip 23 KB
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы *.doc 33 KB

 

Күршім ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2018 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік қызметтердің 24 түрлері бойынша 3731 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 674-сі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарация арқылы,  117-і «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы.

Халықты жұмыспен қамту  туралы

Жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша тіркелгендердің саны- 1231 адам болды, оның  892-і тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылды. Жұмысқа орналасу деңгейі  72,5% құрады. 2018 жылға аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 652 жаңа жұмыс орнын ашу межеленген, 398 жаңа жұмыс орны ашылды немесе 61%  құрайды.
Аудан бойынша жыл көлемінде 540 адамды ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу жоспарланып, 280 адам жіберілді. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі  1,8%  құрады.  Жастар іс  тәжірибесіне  11 жас маман,  әлеуметтік  жұмыс  орындарына  31 адам  уақытша  жұмысқа  жіберілді.
Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жыл басынан бері 2 рет жұмыссыздар арасында бос жұмыссыздар жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді, нәтижесінде әлеуметтік жұмыс орындарына 9 адам жұмыспен қамтылып, 8 адам жастар практикасына, 78 ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жіберіліп, 31 адамға кеңес берілді.
Күршім ауданы бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспарында  1591 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде: 461 жұмыссыздар 797 өзін өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығындар, 308 жұмыс іздеушілер, 25 қоныс аударғандар.
2018 жылға арналған Кешенді жоспарды орындау мақсатында  бүгінгі күні 1008 адам жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстырылды. Оның ішінде: 892 адам жұмысқа орналастырылды, 116 адамы кәсіпкерлік негізде оқытылды. Жұмысқа орналасқан 892 адамның 570 адамы тұрақты жұмысқа, 322 адамы уақытша және маусымдық жұмысқа орналастырылды. Тұрақты жұмысқа орналастыру деңгейі 64% құрайды. Кешенді жоспардың орындалуы 64% құрайды.

Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу туралы

Аз қамтылған 168 отбасына (809 мүшелеріне) оның ішінде 26 отбасына шартсыз, 142 отбасына шартты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды. Тағайындалғандардың ішінен 467-ы 18-жасқа дейінгі балалар, 2-мүгедек-бала, 146 адам - 7 жасқа дейін бала және 1,2-топтағы мүгедек-бала күтіміндегі адамдар, 8 мүгедек, 4 зейнеткер, 12 студент, 169 жұмысқа жарамдылар, 1 –басқа.
Өтініш бергенге дейін 82 адам жұмыспен қамтылғандар. Жұмысқа жарамдылардың ішінен «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аясында 18 адам тұрақты жұмысқа, 46 адам ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды.
Жыл басынан 111 отбасына (320 мүшелеріне) тұрғын –үй көмегі тағайындалып төленді.        
Аз қамтылған 62 адамға,  туберкулез аурумен ауыратын 9 науқасқа материалдық көмегі көрсетілді.
Күршім ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының 1195 мамандарына отын сатып алу үшін  жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмегі көрсетілді.

Еңбек ардагерлері және мүгедектермен жұмыс туралы
В  Курчумском районе проживают 970 инвалидов, из них инвалидов 1 группы -85 человек, 2 группы -674, 3 группы-103 и 108 инвалидов детства.
Ауданда бүгінгі күні 970 мүгедектер бар, оның ішінде :
1 топтағы мүгедектер 85 адам, 2 топтағы 674 адам, 3 топтағы 103 адам және 85 бала жастан мүгедектер.
2018 жылдың  ақпан айында  35  интернационалист-жауынгерлерге Ауған аумағынан әскерлерді шығару күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек көрсетуге 2100,0 мың теңге төленіп берілді.
2018  жылы   543  Батыр ана мен  353   көп балалы  аналарға  8960,0 мың теңгенің материалдық көмегі төленіп берілді. 
Халықаралық  радиациялық  авариялар  мен  апаттар  құрбандарын еске алу күні-26 сәуір-1986-1987 жылдары  Чернобыль АЭС-індегі апатына қатысқандар   18 азаматқа,  ядролық сынақтан зардап шеккен 3 адамға, Чернобль   АЭС-індегі апаттың   радиациялық  апаттар  мен авариялардың, ядролық сынаулардың  зардаптарынан сауле ауруына шалдығып қайтыс болғанандардың  2 отбасыларына  әрқайсысына   материалдық көмек төленіп берілді.
Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай  «Ерен Еңбегі» үшін бұрынғы КСР Одағының медалімен марапатталған  15  адамға материалдық көмегі  жергілікті бюджеттен төленіп берілді.
2018 жылы  отбасын әлеуметтік және демографиялық дамытудың 2014-2017 жылдарға  арналған  кешенді жоспарына сәйкес, 2017 жылы төртінші баласын  дүниеге әкелген  5 анаға біржолғы  жәрдемақысы  төленіп берілді.
Мүгедектер мен зейнеткерлердің  денсаулықтарын  түзеп, демалуларына    жолдама  беріледі.  2018 жылдың 6 айында  «Уба» шипажайына   18 зейнеткер,
«Уба» шипажайының  Усть-Таловка  корпусына  21  зейнеткер жіберілді.
Жүріп тұруы қиын 1 топтағы  14 мүгедекке  6 жеке көмекші жекелей  қызмет көрсетеді.
Ағымдағы  жылдың 6 айында 1 дыбысты құрылғы, көздері нашар көретіндерге арналған  3 ноутбук, 3 сағат, 2 ДЦП  балаларға арналған жетек арба, 1 ортопедиялық таяқ,  5  мүгедектік   бөлмелік  арба,  9 серуен арба, 1 копфункционалдық арба, 6 бөлмелік арба, 2 веб камералы ноутбук, 4 балдақ, 7 таяқ,  3 тіреуші бар таяқ  берілді.
Міндетті  гигиеналық  құралдар  сатып алуға  жергілікті бюджеттен және республикалық  бюджеттен қаражат бөлінген, 75 мүгедекке гигиеналық құралдар  таратылып  берілуде.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016-2018) орындау барысында аудандық іс –шара құрылған.
Күршім ауданы бойынша бойынша  мүгедектердің  мекемелерге  кедергісіз  еркін-кіріп  шығуларына  айтарлықтай   жұмыстар жүргізілуде.   Аудан бойынша 2018 жылдың 1 мамырына 171 әлеуметтік маңызы бар объектілерге түгендеу (паспорттау) жүргізілді, 72 объект ішінара бейімдеуден өткізілді. «Қол жетімділіктің интерактивті картасы» порталына түгендеу жүргізілген   171  объекті енгізілді. Ағымдағы жылы 36 объектіге түгендеу, 14 объект бейімдеуден өткізу жоспарланған, 36 объект паспорттаудан өткізілді, 14 объект қыркүйек айына дейін бейімдеуден өткізіледі.       

Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығымен атқарған жұмыстары туралы

Күршім ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы 91 жалғызілікті қариялармен мүгедек азаматтарға, 29 мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық паталогиясы бар 133 азаматтарға 61 әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
2018 жылдың 9 ақпаны, 6 наурызы, Күршім ауылының Жастар ресурстық орталығында, 20 наурызында Құйған ауылында 18 жастан асқан психоневралогиялық паталогиясы бар  азаматтарға қол күрестен жарыс өткізілді.
2018 жылдың 1 наурызында «Алғыс айту» күніне, 8 наурыз меркесіне орай аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен 18 жастан асқан психоневралогиялық патологиясы бар азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық іс-шара өткізілді.
2018 жылдың 19 наурызында Күршім ауылында 18 жастан асқан психоневралогиялық паталогиясы бар  азаматтар арасында дойбыдан жарыс өткізіліп, «Немере» мейрамханасында қызмет алушыларға «Наурыз» мерекесіне дастархан жайылды.
2018 жылдың 3 сәуірі күні «Рухани жаңғырту - бағдарламасы аясында» Ұлы
Отан соғысы тақырыбында соғыстан кейінгі ескерткіштермен таныстыру жұмыстарын жүргізу мақсатында мұражайға саяхат өткізілді.
2018 жылдың 3 сәуірі күні Құйған ауылында «Тәрбие және білім» тақырыбында, 6 сәуірі күні Марқакөл ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 жастан асқан психоневралогиялық паталогиясы бар  азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында  дөңгелек үстел өткізілді.
2018 жылдың 4 сәуірі күні Барақ Батыр спорт кешенінде 18 жастан асқан психоневралогиялық патологиясы бар  азаматтар арасында волейболдан жарыс өткізілді.
2018 жылдың 6 сәуірі күні Қалжыр ауылында 18 жастан асқан психоневралогиялық паталогиясы бар азаматтар мен  мүмкіндігі шектеулі балалар арасында  дойбыдан жарыс өткізілді.
2018 жылдың 17 сәуірі күні Күршім ауылында аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналары арасында «Көңілді старт» жарысы өткізілді.
2018 жылдың 3 мамыры күні 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, дастархан жайылды.
2018 жылдың 1 маусымында балалар мерекесіне орай 18 жастан асқан психоневралогиялық патологиясы бар азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көкалға саяхат ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 14 маусымында Күршім ауылында, 18 маусымында Боран ауылында 18 жастан асқан психоневралогиялық патологиясы бар азаматтар арасында футболдан жарыс өткізілді.
2018 жылдың 15 маусымында Қалжыр ауылында „Рухани  жаңғырту“ бағдарламасы аясында „Халық тарих толқыны“  атты дөнгелек үстел өткізілді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу жұмысы туралы

2018 жылдың 5 айында  барлығы389 актілік жазу тіркелді. Оның ішінде    туу туралы-     160,    қайтыс болу -  115,  неке қию - 45,   әкелікті анықтау туралы- 38, неке бұзу -  26, бала асырап алу – 2,  тегін, атын, әкесінің атын  өзгерту–  3.
ХҚКО орталығынан - 299 өтініш Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне түсті. 
Онлайн  жүйесі  күнделікті  тексеріледі, бұл  жүйе  бойынша – 117  өтініш түсті оның ішінде: неке қию - 14, неке бұзу – 4,  туу туралы -99. Әкімшілік істер қозғалған жоқ.
Барлығы -19 құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді, оның ішінде  дөнгелек үстел -1, семинар -6, дәріс- 10, мақала -2.
        
Әкім грантында оқитын студенттер туралы
Қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген студенттер саны 12, барлығы Семей медициналық университетінде оқиды. 2017 жылы оқу бітіріп, ауданымызға келіп, өз мамандығы бойынша 1 дәрігер жұмыс істеп жүр.    Оқуға, стипендияға, жатақханаға қаражат бөлінген, толығымен төленіп берілуде.
        

Бөлім басшысы С.Ақсартов

 

Мурағат

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

Парақтар өзгертілді: 17-10-2018