Жексенбi, 30 Сәуір 2017 г. 01:32

Жер қатынастары

kn «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы *.ppt 507 KB

Жер қатынастары бөлімімен 2015 жылдағы 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы

2015 жылы 9 ай қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығын өндірісін дамыту үшін жалпы ауданы 25710,8 гектар жер учаскелері табысталып, жаңадан 30 шаруа қожалықтары құрылды.
Қазақстан Республикасының Президентінің 100 нақты қадам стратегиясының 35 қадамын орындау мақсатында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен нарықтық айналымға енгізу үшін, конкурс арқылы жалпы ауданы 23282,5 гектар 66 жер учаскелері табысталды. Оның ішінде:
Ауданы 16537,5 гектар 35 жер учаскесі ауылшаруашылық өңдірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді 49 жылға;
Ауданы 6727,0 гектар 30 жер учаскесін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы сатылып, жергілікті бюджетке 7191379 теңге қаражат түсті;
Ауданы 18,0 гектар 1 жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу үшін жеке меншікке сатылып, республикалық бюджетке 114000 теңге түсірілді;
2.Жеке меншікке кәсіпкерлік нысандарын орналастыру үшін ауданы 1,4094 гектар 10 жер учаскелері сатылып жергілікті бюджетке 1076051 теңге түсірілді.
Жалпы 2015 жылдың 9 айында Жер қатынастары бөлімімен жергілікті бюджетке 8267430 теңге қаражат түсірілді.
3.  Азаматтардан келіп түскен өтініштерге сәйкес, мал жаюы мен шөп шабуы үшiн уақытша өтеусіз мерзімі 5 жылға дейін жалпы ауданы 2428,3 гектар 62жер учаскелеріі табысталды.
4. Жер қатынастары бөліміне бекітілген 5 мемлекеттік қызмет түрінен 184 жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетілді:
5. 157 жеке және заңды тұлғалардан жер учаскелерін табыстау туралы өтініштері қаралып, жауап берілді.
6. Күршім ауданындағы Урунхай ауылы орман қоры жерінде орналасқандықтан, елді мекен жеріне ауыстыру үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне ұсыныс берілді. Өтініш облыстық комиссияның отырысында қаралып, орман қоры жерінен ауданы 100 гектар жер учаскесін елді мекен санатына ауыстыруға мүмкін деп хаттамалық шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қоры жерінен ауданы 100 гектар жер учаскесін ауыстыру туралы қаулысын қабылдау үшін жерге орналастыру жобасы дайындалып, Жер қатынастары басқармасына 2015 жылы 30 шілдеде бекіту және облыс әкімдігінің қаулысын дайындау үшін өткізілді
     2015 жылы 15 шілдеде орман қоры жерлеріне жататын ( Марқакөл орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі) Урунхай ауылын елді мекен жерлер санатына аудару жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өтті.
Урунхай ауылын елді мекен жерлер санатына аудару туралы облыс әкімінің 2015 жылы 16 қыркүйекте №239 қаулысы шықты. Қазіргі уақытта облыс әкімінің қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын қабылдау үшін Ауылшаруашылығы министрлігіне жіберілді.
7. Елбасының 100 нақты қадам стратегиясының 36-қадамына және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №114/01-25 тапсырмасына сәйкес, ауылшаруашылығы жерлерін пайдалануға тұрақты мониторинг жүргізу кезінде Күршім ауданы бойынша пайдаланылмай отырған жалпы ауданы 23312 гектар 45 жер учаскесі анықталған. Жүргізілген жұмыстардың арқасында 100 пайыз (23312 гектар) мемлекеттік меншікке қайтарылды.Оның ішінде 2293,0 гектар суармалы егіндік жер учаскелері.
Суармалы жерлерді түгендеу жұмыстары жүргізу нәтижесінде құрылған комиссия ауданы 10000,0 гектар суарылатын жер учаскелерін суарылмайтын жер учаскелеріне ауыстыру қажеттілігін анықтаған. Қазіргі уақытта 10000,0 гектар жер учаскелерін суарылмайтын жер учаскелеріне ауыстыруға қажетті материалдарды дайындату үшін қажетті қаражат бөлініп, жер кадастры ғылыми-өңдірістік орталығымен келісім шарт жасалды.   
       

Күршім ауданының
әкімінің орынбасары М.Қалелов

 

МҰРАҒАТ

Ұтымды пайдаланбасаң, жеріңнен айырыласың *.doc 31 kB
Пайдаланбай жатқан суармалы жерлерді қайтадан мемлекеттік қорына қайтарудың барысы туралы  
Ауданның жер қойнауын пайдаланушыларының 2015 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары туралы анықтама  
Жер қатынастары бөлімімен 2015 жылдағы 6 айдын қорытындысы  
2014 жыл  

Парақтар өзгертілді: 22-02-2017