Жұма, 23 Маусым 2017 г. 11:14

Кәсіпкерлік

kn 2017 жылғы қаңтар-ақпандағы Күршім ауданындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көрсеткіштері *.doc 61 KB

Ауданның инвестициялық мүмкіндіктері

Күршім ауданы бойынша 2015 жылдың 1 мамырына тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 1925 дана, салық басқармасына түскен түсімі 45 млн. теңгені құрады.
1 - Өнеркәсіп.
2015 жылдың қаңтар – мамыр айында өнеркәсіп өнім көлемі 732,8 млн. теңге, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда табиғи индекс көлемі 95,5% құрады.
Өнеркәсіп өнімінің ішінде:
Өңдеу өнеркәсібінің өндіру көлемі  2015 жылдың қаңтар-мамыр айына 563,3  млн. теңге, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда табиғи индекс көлемі 84,1% құрады.
Өндеу өнеркәсібінде машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау көрсеткіші орындалмай отыр. 2014 жылдың 5 айында 117,9 млн. теңгені құраған.
Аталған себептен өндеу өнеркәсібінің көлемі төмендеген.
2015 жылдың мамыр айына кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазудың өндіру көлемі 39,8 млн. теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда табиғи индекс көлемі 9,1 есеге өскен.
2015 жылдың мамыр айына электрмен жабдықтау, газ, бу беружәне ауа баптау көлемі 116 млн. теңге, өткен жылдың 5 айында 92,5 млн. теңге, табиғи индекс көлемі 86% құрады.
2 - Бөлшек сауда. 2015 жылдың қаңтар-мамыр айында бөлшек сауда айналым көлемі 1521 млн. теңге. өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда табиғи индекс көлемі 114,4% құрады.
3 - Инвестиция. 2015 жылдың қаңтар-мамыр айына негізгі капиталға салынған инвестиция 1076 млн. теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда табиғи индекс көлемі 116,2% құрады.        
2015 жылдың қаңтар-мамыр айына нақты секторға салынған инвестиция 962,9 млн. теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, табиғи индекс көлемі 202% құрады.
4 - Шағын бизнес. 2015 жылдың қаңтар-мамыр айында тіркелген шағын бизнес кәсіпорындар саны – 78 өткен жылмен салыстырғанда өсім 162,5 пайызды құрады,  жұмыс істеп тұрғандары-65 өткен жылмен салыстырғанда өсім 191,2 пайызды құрады, оның ішінде белсенді кәсіпорындар 60 өсу деңгейі (өткен жылдың тиісті кезеңінде 31 дана) 193,5 % құрады.

Құнсыздану деңгейін сақтап тұру бойынша атқарылып жатқан шаралар.
Күршім ауданында құнсыздану үрдістерін тежеу мақсатында ауданда жұмыс істеп тұрған 169 дүкен иелерімен меморандум жасалды. Ауданда орналасқан кәсіпкерлер азық-түлік өнімдерін Өскемен қаласында орналасқан толайым орталықтарынан әкеледі. Дүкен иелері 33 түрлі маңызды азық-түлік өнімдерінің әр килограммына (өлшем бірлігіне) транспорттық шығынды және 10 пайыз үстеме бағаны қосқандағы бағаны меморандумға сәйкес  ұстаб отыр.
Ағымдағы жылы  14  ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 8 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланды. 

Туризм
Күршім ауданында ауылдық туризмді дамытудың өзіндік жолдары қалыптастырылуда. Бүгінгі күні ауылдық аймақ жағдайын жақсарту, табиғи, тарихи, мәдени мұраны сақтау, туристік индустрияны дамыту, осы саламен айналысатын кәсіпкерге жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
2015 жылдың қаңтар-мамыр айында ішкі туризм бойынша ауданда 947 адамға қызмет көрсетіліп, 5,9 млн. теңгеге қызмет атқарылды. Ағымдағы жылы 1570 адамға қызмет көрсетіліп, 12,5 млн. теңегеге қызмет атқарылады деп күтілуде.
Туризмді дамыту жол картасы Күршім ауданының қонақ үй кешендерін, демалыс үйлерін және сауықтыру орталықтарын 2013-2017 жылдарға арналған жоспарын жобаға енгізу, туризмді дамыту жол картасы  бойынша
Туризмді дамыту жол картасы бойынша 2015-2016 жылдар аралығында 23 туристік нысандары ашылуы жоспарлануда:
2015 жылы ашылуы жоспарланған жобалар
Теректі ауылының жеке кәсіпкері Жүнісова А. 16 адамға қонақ үйді күрделі жөндеу 2015 жылға жасап бітіруді  жоспарлап отыр, жобаның құны 5 млн. құрайды.
Төсқайын ауылының жеке кәсіпкері Тустикбаева Г.«Саяжан» 25 орынды сауықтандыру орталығын ашу жұмыстары атқарылып жатыр, жалпы құны 10 млн.теңгені құрайды. Жобада салт атпен қыдыру, катамаранмен, қайықпен жүзу, балық аулау, аң аулау түрлері қарастырылған.Жалпы құны 10 млн.теңгені құрайды.
2016 жылы ашылуы жоспарланған жобалар
Құйган ауылдык округінде «Құлынды»учаскесінде туристік демалыс орыны ашылу жумысы жургізілуде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Оразбеков Нуржан туризмді дамыту мақсатында 3 млн. тенгегенесие алып құрылысты бастауға дайындық жұмыстарын жургізіп жатыр. Жоба бойынша 10 демалыс (асхана,демалыс орны) салу жоспарлануда. Жобаныңжалпы құны 14 млн. тенге құрайды, жоба 2015-2016 жылдары толық аяқталады деп күтілуде.
Құйған ауылдык округінде «Кызыл жар» учаскесінде жеке кәсіпкер Білімбаев Жанарбек жалпы құны 14 млн.теңгені құрайтын жоба бойынша 10 демалыс үйін салуды жоспарлап отыр.  Жоба 2015-2016 жылдары толық аяқталады деп күтілуде.

 

Күршім ауданында 2011 -2014 жылдар аралығында 4 инновациялық жаңа кәсіпорындар ашылды.
Атап айтқанда:
1. Теректі ауылдық округі орталығында «Қызылашы» ШҚ басшысы Қ.Ағиековтың сүт өнімдерін өңдеу цехы ашылды;
2. Күршім ауданы, Алғабас ауылында «Дастан» ШҚ басшысы Асылбек Қалдешовтың кіші қымыз өндеу және құю цехы ашылды;
3.Теректі ауылдық округі орталығында «Заманай» ШҚ басшысы Қабдуали Аманжоловтың ет өндеу цехы ашылды;
4. Маралды ауылдық округінде жеке кәсіпкер Л.Какимованың бал қалбырлау цехы ашылды;

Келесі бесжылдықта 2015-2020 жылдары іске асырылатын жобалар:
1. «ГРК МЛД» ЖШС-ның «Қаршыға» мыс кен орнында кен-байыту кешенін ашу» жобасы. Жобаның іске қосылу мерзімі 2018-2019 жылы.
2. «Қалжыр өзенінде ГЭС-1 және ГЭС-2 құрылысы», жоба иесі Е.Х.Адилов. Жобаның іске қосылу мерзімі 2018 жыл.
3. «Шұжық шығару және консервілеу цехын ашу», жоба иесі Б.Баймухамбетов. Жобаның іске қосылу мерзімі 2015 жыл. «Даму өндіріс II» бағдарламасы бойынша «Арын» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының басшысы Б.Баймуханбетов «шұжық және консерві жасау» цехын ашу үшін, «Халық Банк» АҚ-на құжаттарын өткізді, банкте несие комитеті жобаны мақұлдап, субсидиялау бойынша құжаттары бүгінгі күні  «Даму» АҚ-да қаралып жатыр, жобаның жалпы құны 30 млн. теңге.
4.  «АБС-Сартау туристік базасын ашу»  жобасы. Жобаның іске қосылу мерзімі 2018 жыл.
5.«Көкше» ШҚ басшысы Р.Абдрахманов Күршім ауылында шағын сүт өңдеу зауытын ашуды жоспарлауда.  Жобаның іске қосылу мерзімі 2016 жыл. «Көкше» ШҚ басшысы Р.Абдрахманов Күршім ауылында сүт өңдеу зауытын ашу үшін «Даму өндіріс II» бағдарламасы бойынша несие алуға «РБК Банкіне» құжаттарын өткізді, бүгінгі күні несие комитетінің шешімін тосуда. Жобаның жалпы құны 60 млн.

 

 

Парақтар өзгертілді: 28-03-2017