Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:02

Ішкі саясат

Аудандағы саяси партиялар туралы ақпарат:

Күршім ауданында 3  саяси партия өкілдігі бар. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында саяси партиялар депутаттыққа кандидаттарынан резерв іріктеу жұмыстарын ұйымдастырады. Конституциялық реформа, ҚР Конституциясындағы партияның рөлі, қызметі туралы өзгерістер болған жағдайда барлық ауылдық округтердегі елді мекендерде кездесу өткізіліп отырады. ҚР мемлекеттік  жастар саясатын іске асыру мақсатында, аудандағы  демографиялық саясатты жандандыру бағытында, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім бөлімдерімен, ардагерлер, әйелдер кеңестерімен бірлесе отырып дөңгелек үстелдер,  кездесу кештері өткізіліп тұрады.
Елбасының Жолдауы және  одан туындайтын міндеттер жайлы саяси мәнді мақалалар аудандық басылым беттеріне жарияланып, ақпараттық-насихат топтарымен халық арасында насихатталуы  жүзеге асырылуда.

Саяси партиялар-дың аты Төрағаларының
аты-жөні,
Партия мүшелерінің саны Бастауыш партия ұйымдарының саны Саяси партиялардың мекен жайы, телефоны
1. «Нұр Отан» партиясы Чукаев Сейсенғазы Жұмағалиұлы          2538 13 Күршім ауылы, Б.Момышұлы 158 үй, байланыс телефоны
2-16-31.
2. «Ауыл» партиясы Бахтияров Әлібек Қалирахымұлы - - Күршім ауданы,
Бурабай ауылы

Аудандағы саяси партиялармен, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдармен, жастар ұйымдарымен «дөңгелек үстелдер» үнемі өткізіліп отырады.

Парақтар өзгертілді: 20-12-2016