Жұма, 23 Маусым 2017 г. 11:15

Ішкі саясат

 

Қоғамдық ұйымдар *.doc 28 Kb

Қоғамдық ұйымдар

Күршім ауданында 2 саяси партия өкілдігі бар. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында саяси партиялар депутаттыққа кандидаттарынан резерв іріктеу жұмыстарын ұйымдастырады. Конституциялық реформа, ҚР Конституциясындағы партияның рөлі, қызметі туралы өзгерістер болған жағдайда барлық ауылдық округтердегі елді мекендерде кездесу өткізіліп отырады. ҚР мемлекеттік  жастар саясатын іске асыру мақсатында, аудандағы  демографиялық саясатты жандандыру бағытында, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім бөлімдерімен, ардагерлер, әйелдер кеңестерімен бірлесе отырып дөңгелек үстелдер,  кездесу кештері өткізіліп тұрады.
Елбасының Жолдауы және  одан туындайтын міндеттер жайлы саяси мәнді мақалалар аудандық басылым беттеріне жарияланып, ақпараттық-насихат топтарымен халық арасында насихатталуы  жүзеге асырылуда.
Аудандық әйелдер, ардагерлер кеңестері,  ақсақалдар алқасы, «АРС» жастар ұйымы, «Шапағат» іскер әйелдер клубы, аудан әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңес ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, келелі мәселелерді шешуге атсалысуда. Ауданда межеленген тәрбиелік іс-шаралар -қайырымдылық акциялары, аз қамтылған отбасыларына көмек т.б. жұмыстарға қоғамдық ұйымдар, яғни үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысады. Аудандық «Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі» кеңес құрамында  аудандық әйелдер кеңесінің, іскер әйелдер клубының төрайымдары нәтижелі жұмыстар атқаруда.

Үкіметтік емес ұйымдардың аты

Басшысының аты-жөні

1

Әйелдер кеңесі

Қалитова Нұрзаш Дүкенқызы

2

Ардагерлер кеңесі

Ақтекенов Есманбек Адайұлы

3

Ақсақалдар алқасы

Қайыров Нұрсовет

4

«АРС» жастар ұйымы

Пшенбаев Арслан Өмірбекұлы

5

«Шапағат» іскер әйелдер клубы

Долданова Нұрымхан Мизамиқызы

Аудандағы кәсіподақ ұйымдары

Кәсіподақ ұйымдарының атауы

Басшысының аты-жөні

Мүшелерінің саны

Кәсіподақ ұйымдарының мекенжайы

1

Күршім аудандық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағының аудандық құрылымдағы филиалы

Қ.Қ.Қожахметов

 

Күршім ауылы, Б.Момышұлы көшесі,

2

Білім беру қызметкерлерінің Күршім аудандық кәсіподақ ұйымы

Ә.Қ.Қосамбеков

2019

Күршім ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №85 үй, тел:31820

3

Медицина қызметкерлерінің Күршім аудандық кәсіподақ ұйымы

С.Қ.Мазақова

462

Күршім ауылы, Захарова көшесі, №1 а үй, тел:31939

4

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің кәсіподақ ұйымы

Ә.С.Чепенова

150

Күршім ауылы, Абылайхан көшесі 86 үй, тел. 2-15-45

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарына ішкі саясат бөлімі тарапынан қолдаулар көрсетіліп тұрады.

 

Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры дегеніміз не?

Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры дегеніміз не?

Парақтар өзгертілді: 24-03-2017