Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 10:56

Ішкі саясат / Жастар саясаты

Күршім ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы ақпарат

Аудан бойынша Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген.
2016 жылы Жастар орталығына 14 млн. 464мың теңге, әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылатын шараларға 1 млн. 712 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Күршім ауданында халық саны 26955, оның ішінде 14-29 аралығындағы жастар саны - 5550, яғни халық санының 20,5 пайызын жастар құрайды. Оның ішінде ер балалар -2690, қыздар - 2860. 18-29 жастағылар – 3513, оқушылар – 2037, студенттер – 1404, жұмыспен қамтылған жастар саны – 1131, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар – 825, жұмыссыз жастар – 125.
Ауданда  «Жас Отан» жастар қанаты, «АРС» үкіметтік емес жастар ұйымы бар. «Жас Ұлан» ұйымына 2524, «Жас Қыран» ұйымына 1815 мүше қабылданды. 12 ауылдық округте спорттық шаралар және жастар ісімен айналысатын әдіскерлер қызмет атқарады.
Жалпы 2016 жылы 20 кездесу, 8 дөңгелек үстел отырысы, 3 акция, 22 спорттық жарыстар, 3 дебат, 3 флеш-моб, 18 қайырымдылық шаралары, мерекелік кештер, сенбіліктер өткізілді. Барлығы 72 іс-шара өткізіліп, оған 8200-дей жас қамтылды.

Жастар саясатын іске асырудың негізгі бағыттары аясында:
Қол жетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету
2016 жылдың қаңтар айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Күршім ауданынан олимпиадаға аудандық кезеңнің жеңімпаздары болған 27 оқушы қатысып, 26 оқушы жеңіспен оралды. «Үздік олимпиада командасы-2016» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.
28 қаңтарда 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 18 мектептен 79 оқушы қатысты. Жеңімпаздар анықталып, 31 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.
Ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде 2 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. «Жас техниктер станциясы» ғимаратында республикалық «Ақберен» конкурсының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге Күршім ауданынан 6 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Ауданның 43 мектебінде спорт және дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысатын 29 спорт залы, 44 спорт алаңы, 2 тренажер залы, 4 жасанды футбол алаңы, 11 хоккей қорабы жұмыс жасайды. 2100 оқушыны қамтитын 15 спорт секциялары, 2 бильярд залы жұмыс істейді.
Жастардың бойында құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына құрметін қалыптастыру
«Мейірімді жүрекпен», «Жиырма бес қайырымды іс», «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» атты акциялар, «Дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық» атты  дөңгелек үстел отырыстары өтті. Мақсаты – жастар бойында дәстүрлі құндылықтарды, қазақстандық патриотизмнің жаңаша ұстанымдарын және сана-сезімді қалыптастыру.
Жастарды жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде наурыз, мамыр, қыркүйек, қараша айларында жұмыссыз жастар арасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 138 жас ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. 36 жас маман жастар іс-тәжірибесіне жолданып, 1-уі әскерге, 1-уі магистратураға оқуға түсіп, 6-уы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орнына 3 жас жолданып, оның 3-уі тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту
Аудан әкімінің грантымен ауданға келіп, өз мамандықтары бойынша 8 дәрігер, 34 мұғалім жұмыс істеп жүр. 2015 жылы 8 жас маман, 2016 жылдың І жартыжылдығында 2 маман несие алды, 2016 жылы тұрғын үй сатып алуға 6  маманға 15905,5 мың теңге несие берілді (білім саласы бойынша 2 маманға-5444,0 мың теңгеге, денсаулық саласы бойынша 3 маманға – 7749,5 мың теңге, спорт саласы бойынша 1 маманға – 2712,0 мың теңге).
2016 жылы 25 маманға  көтерме жәрдемақы төлеуге аудандық бюджеттен 3711,8 мың теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде білім саласы бойынша 14 маманға -2078,6 мың теңге, денсаулық саласы бойынша 6 маманға – 890,8 мың теңге берілді.   
Жастарды мәдени құндылықтарға қатыстыру
Жастар арасында мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдан алу және ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Жалпы ауданда 28 мәдени ошақ, 22 кітапхана, 1 Жастар орталығы қызмет көрсетуде. Барлық мәдени-көпшілік шараларға барлық ауылдық округ жастары белсене қатысады.
Жастардың өздерін азаматтық және патриоттық тұрғыдан көрсетуін ынталандыру
Барлық ауылдық округтерде «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері, волотерлер құрылған. Олар патриоттық іс-шараларға белсене ат салысады.
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 18 қайырымдылық шаралары және ҰОС ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, жалғызілікті қарттарға азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетілді.  
2016 жылдың 23-25 қырқүйек аралығында Өскемен қаласында жас азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Қазақстан әскеріне деген құрметті арттыру, қолданбалы әскери спорт түрлерін көпшілікке тарату және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жас Ұлан» спорттық ойыны өтті. Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан 14 ауданның арасында Күршім ауданынан Сарыөлең орта мектебінің оқушылары 3 орынды иеленді.
2016 жылдың 12 қазан күні, Киелі Абай жерінде облыстық Ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ұлы Дала елі» партиялық жобасы аясында жастарға ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді, ұлттық ойындарды дәріптеп, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған «Жігіт сұлтаны - 2016» байқауы өтті. Күршім ауданынан №3 Күршім гимназия мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ахмолдаев Нұрым қатысып, «Парасатты жігіт» номинациясын иеленді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға жастарды қатыстыру
Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, партиялық жобаларды түсіндіру бойынша ауылдық округтерде 12 кездесу өткізілді. Кездесуге әр салада қызмет атқарып жүрген жастар, мемлекеттік жас қызметкерлер қоғамдық ұйым өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенді мүшелері қатысты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Жас маман» слеті жас буын өкілдері арасында тың серпіліс әкелуде. Аталмыш шара аясында «Үздік жас дәрігер»,  «Үздік жас спортшы», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік жас мұғалім», «Жас мәдениет қызметкері», «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», т.б. номинациялар бойынша үздік деп танылған жастар аудан әкімінің дипломы және бағалы сыйлықтармен марпатталып келеді.
2016 жылы Жастар саясаты жөніндегі Кеңесінің 3 отырысы өтті. Онда бекітілген жоспарға сәйкес жастармен атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар тыңдалып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.
Аудандық «Рауан-Заря» газетінде 18 мақала, аудан әкімінің сайтында 25 ақпарат жарық көрді.
Осы Тұжырымдаманың ережелері заңнамалық актілерді, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды жетілдіру арқылы іске асырылатын болады. 

 

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай аудан көлемінде жастармен өткен мерекелік шара (*.doc 1,6 MB)

 

«Күршім ауданының Жастар орталығы» КММ-нің жылдың 10 айда атқарған жұмыстары туралы ақпарат
«Күршім ауданының Жастар орталығы» КММ-нің жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
«Күршім ауданы Жастар орталығы» КММ 2014 жылдың жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Парақтар өзгертілді: 22-12-2016