Дұйсенбi , 23 Қазан 2017 г. 03:00

Ішкі саясат

Қызметтік іссапар. Азаматтарды қабылдау

"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының аудан әкімімен бекіткен кестесіне сәйкес, 2017 жылдың 1 тамызы күні сағат 15.00 ден 18.00-ге дейін ішкі саясат бөлімі тарапынан Балықшы ауылдық округіне қарасты Аманат ауылында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қасымбаева қабылдау өткізді.
Қабылдауға  ауыл тұрғындары А.Есіркепова, А.Танышбаева, Ф.Қонақова, Г.Мухамадиевалар келіп, жұмысқа орналасу, әлеуметтік жәрдемақы алу, тұрғын үй мәселесі, білім саласы (баланы Астана қаласындағы кадет сыныбына  орналастыру үшін қажетті құжаттар) бойынша  сұрақтарын қойып, нақты жауптар алды. Қойылған сұрақтардың кейбіреуі бойынша аудан орталығындағы жауапты бөлімдерден нақты ақпараттар алынып, қабылдауға келген азаматтарға  жазбаша жауап берілетіні айтылды.

  • Азаматтарды қабылдау
  • Азаматтарды қабылдау

 

Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Күршім ауданы бойынша аумақтық дамыту бағдарламасындағы «Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы 14-29 жас аралығындағы халықтың қанағаттану деңгейі» көрсеткішін жоспардағы 52 пайызды 100 пайызға, «Конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын халықтың үлесі» көрсеткішін жоспардағы 82 пайызды 100 пайызға, «Тұрғындарды отандық телеарналармен қамту» жоспар 95 пайыз, 100 пайызға орындалды.
Аудандық бюджеттен бөлінген қаржы 98,9 пайызға орындалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету бөлім бойынша жоқ.
2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Күршім ауданы әкімінің тезисі дайындалып, аудандық «Рауан-Заря» газетінің 2017 жылдың 14 қаңтардағы №2 санында жарияланып, атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы слайдтар жасалды. 2 ақпандағы аудан әкімінің есепті кездесуіне «Қазақстан-Өскемен» телеарнасынан тілшілер шақырылды.
6 ақпан күні «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының тікелей эфирінде аудан әкімінің брифингіне ақпараттар дайындалып, ұйымдастырылып өткізілді.
Қазақстан Республикасы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында аудандық «Рауан-Заря» газетінде 7 ақпандағы №5 санында мемлекеттік және орыс тілдерінде толық мәтіні жарияланды. 2017 жылдың 14 ақпан күні жұмыс тобы құрылды.
Республикалық, облыстық іс-шараларды негізге алып, аудандық іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес, аудан бойынша 165 кездесу өткізіліп, 19580 адам қамтылды. Жолдауға қатысты «Елбасының Жолдауына халықтың қолдауы», «Жаңғырудың жарқын жолы», «Елбасымызбен бірге» аты айдарлар ашылып, «Дидар» -7, «Рудный Алтай» -5, «Менің өлкем» - 2, аудандық «Рауан-Заря» газетінде 36, барлығы 50 мақала жарық көрді. Аудандық, ауылдық ақпараттық-насихат топтары құрылып, жоспарға сәйкес Елбасының Жолдауын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жолдау тақырыбына, мемлекеттік бағдарламаларды көрнекі құралдар арқылы насихаттауға 112 баннер ілінді.
Сонымен қоса, барлық ауылдық округтерде көрнекі құралдар арқылы Жолдауды, мемлекеттік бағдарламаларды көптеп насихаттау мақсатында баннерлердің арнайы эскиздері жолданып, уақытында ілінуіне мониторинг жүргізіліп, қадағалауға алынған.
7 ақпан күні Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Дүйсенбинов, 9 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Плотников келіп, аудан тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, жастар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдыраның өкілдері, кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары, жергілікті тұрғындардың қатысуы ұйымдастырылды.
Конституционалдық реформаларды түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен 124 кездесу ұйымдастырылып, 14560 адам қамтылды.
Атқарлыған жұмыстар туралы аудандық «Рауан-Заря» газетінде 6 мақала, аудан әкімінің сайтында 16, Фейсбукта 48 материал орналастырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аудандық «Рауан-заря» газетінің 22 сәуірдегі 16 санында мемлекеттік және орыс тілдерінде толық мәтіні жарық көрді. Бағдарламалық мақаланы түсіндіру бойынша аудан тұрғындарымен 54 кездесу өтіп, 9875 адам қамтылды. Аудандық «Рауан-Заря» газет беттерінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» айдарымен 12 мақала жарық көріп, әлеуметтік желілерде 56 материал орналастырылды.
Мекеме, бөлім басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің аудандық «Рауан-Заря» газеттеріне ауданда, тиісінше, әрбір салада атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қатысты жоспарлы жобалардың орындалу барысы және нәтижелері туралы мақалалар жариялау кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес 49 материал жарияланды.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы СТ 989-2014 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы" жаңа стандарты қабылданды. 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ескі стандарт бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру міндет.
Жоғарыдағыны ескере отырып, бекітілген аудандық іс-шара жоспарына сәйкес қаңтар-маусым айларында Күршім ауданының барлық ауылдық округтері және елді мекендердегі мемлекеттік мекемелер, бөлімдер, мемлекеттік коммуналдық мекемелерде Мемлекеттік Рәміздердің заң талаптарына сай орналасуы, қолдануы, түнгі жарықтандырылуы және заңды құжаттарына 18 тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық Мемлекеттік Рәміздер жөніндегі комиссиясының тексеру нәтижесінде аудан бойынша жаңа стандартқа сай ауыстырылған барлық Мемлекеттік Елтаңбалардың саны – 115, сондай-ақ, 16 Мемлекеттік Елтаңбаға тапсырыс берілгені анықталды.
Тексеру барысында анықталған кемшіліктер комиссия мүшелерінің қатысуымен қалпына келтірілді. Тексерілген мекемелерде Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру кезінде комиссия құрылып, ауыстыруға жататын Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба хаттамалық шешіммен жойылғаны анықталды.
Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау мақсатында аудан орталығында және елді мекендерде 21 баннер орнатылып, аудандық «Рауан-Заря» газетінің 22 сәуірдегі №16, 2 маусымдағы №22 сандарында Мемлекеттік Рәміздер туралы «Егемен еліміз Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі» атты мақалалар жарияланды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығын мерекелеуге бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мектептерде, орталық алаңда бір мезетте Мемлекеттік Гимні орындалып, аудандық Мәдениет Үйінде салтанатты жиын, аудан көлемінде спорттық шаралар өтті. Жастар ресурстық орталығында «Рәміздерім – мақтанышым!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, аудан мектептерінде, кітапханаларда патриоттық тәрбие сағаттары, көрмелер өткізілді.
Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде 2017 жылдың 27 ақпандағы №45 қаулысымен Күршім ауданындағы жергілікті атқарушы органдардың жанындағы дін мәселелері жөніндегі аудандық, ауылдық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамы бекітілген.
Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына ауылдық округ әкімдері, мешіт имамдары, үкіметтік емес ұйымдар, дінтану мұғалімдері, жастар ұйымдары және тұрғындар арасындағы абыройлы азаматтар енгізіліп, белсенді түсіндіру, алдын алу жұмыстарына тартылуда.
Аудандағы 14 мешіт мемлекеттік тіркеуден өткен, олардың бағыты дәстүрлі ислам.
Мемлекеттік органдардың қызметкері болып табылмайтын ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін қаржыландыру үшін аудандық бюджеттен 450,0 мың теңге қаражат қарастырылды. 

Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспары негізінде қаңтар - маусым айларында Күршім ауданы бойынша мекеме қызметкерлері, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері, ауыл тұрғындары, жастар, кәсіпкер, өзін-өзі қамтығандар, оралмандар, жоғарғы сынып оқушыларымен 48 кездесу өтіп, 2641 адам қамтылды. Сондай-ақ, 22-24 мамыр аралығында дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы ауданның Күршім ауылдық округіндегі жергілікті тұрғындар, жастар, жоғарғы сынып оқушылары, әскери бөлімдер, ішкі істер бөлімі, балабақшалар, орталық аурухана, комендатура қызметкерлері, шекарашылар, «Марқакөл қорығы», «Марқакөл орман шаруашылығы», орталық мешіт жамағаты, «Төре тоғам» ЖШС-нің ұжымдарымен, Сарыөлең, Қалғұты, Маралды, Боран, Марқакөл ауылдық округтарының елді мекендерінің тұрғындары, жастар, жұмыссыз жастармен 31 кездесу өткізіп, 1934 адам қамтылды. Аталған ауылдық округ орта мектептерінде жоғарғы сынып оқушыларымен «Сақ бол, жас жүлек» атты акция өткізіліп, кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
І жартыжылдықта барлығы 79 кездесу өткізіліп, 4575 адам қамтылды.
22 мамыр күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және руханияттағы имамдардың рөлі» атты ауданаралық конференция ұйымдастырылып өткізіліп, 320 адам қамтылды.
Ақпараттық-түсіндіру тобы радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер діни экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы бойынша мемлекеттік органдардаң өкілдерін қатысуымен ұйымдастырып және радикалды діни идеологияның зияны туралы 410 дана жадынама, 270 дана ақпараттық буклеттер жастар арасында таратылды.
Діни қатынастар саласында тұрғындарға консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында арналған республикалық «Қауырт желі-114», облыстық ақылы сенім телефонымен әр ауылдық округтердің көрнекі жерлерінде сенім телефонының жұмыс істейтіні туралы хабарландыру ілінген. «Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама» аудандық «Рауан-Заря» газетінің 4, 11 наурызындағы №9, №10 сандарында мемлекеттік және орыс тілінде жарияланып, әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Жұмыс тобының атқарған жұмыстары туралы аудан тұрғындарына жеткізу мақсатында қаңтар-маусым аралығында аудандық «Рауан-Заря» газетінің «Имандылық» айдарында 11 мақала жарық көрді. Сонымен қоса, Дін істері басқармасы мен жергілікті атқарушы органдардың қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен қолдауға бағытталған 35 материал, 10 видеороликтер әлеуметтік желілерде жарияланды. «Таза Жүрек» жобасы аудан аумағында іске асырылып, медиа-жоспарға сәйкес әлуеметтік желіде 21 материал (фильмдер, бейнероликтер) орналастырылды.
Ақпарат-насихат тобының жұмысын жетілдіріп, имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында 2017 жылдың сәуір-мамыр айларында Алматы қалалық «Нур – Мубарак» университетіне наиб имам Шамерхан Ажы жіберіліп, білімін жетілдірді. ҚМДБ Өскемен өңірінің өкіл имамы Халифа Алтай мешітінің бас имамының ұйымдастыруымен Халифа Алтай мешіті жанындағы арнайы курсқа ауданнан 6 азамат жіберілді. Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылдық мешітіне «Халифа Алтай мешітінің» жанынан ашылған курсты бітірген, тәжірибеден өткен Болысханов Бейбіт Төлендіұлы 2017 жылдың 31 мамыр күні имам болып тағайындалды. 23 маусымнан бастап «Астана» медресесінің түлегі Сәкенов Ерікжан Кенжеханұлы «Марқакөл» мешітіне ұстаздық қызметке тағайындалды. Шілде айында теологиялық білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруға 3 айлық курсқа ауданнан жергілікті ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелері 7 имам жіберілмек.
Елді мекендерде діни экстремизмге және терроризмге қарсы сипаттағы 12 баннер барлық ауылдық округтерінде орналастырылған. Аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарымен әр аптаның жұма күндері мешіттерде айтылатын уағыздарға мониторинг жүргізіліп тұрады.
Ауданда деструктивті діни ұйымдар, олардың жұмысы жайлы деректер тіркелген жоқ, діни ахуал тұрақты.
Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт, білім бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталығы, «Нұр Отан» партиясы, ардагерлер ұйымы, ҮЕҰ өкілдерімен бірлесе жұмыстар атқарылуда.
Аудан бойынша 14-29 аралығындағы жастар саны – 4799, яғни халық санының 17,7 пайызын жастар құрайды.
Жастар арасында дін саласы бойынша 2017 жылдың І жартыжылдығында 15 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 8 кездесу, 10 акция, 7 флеш-моб, 5 дөңгелек үстел, тәрбие сағаты, 3 бейнеролик, 2 фильм көрсетіліп, 3200 жас қамтылды. Кездесулер барысында жастар арасында конфессияаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, сондай-ақ Елбасының белгілеген міндеттері мен мақсаттары жайлы, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Аудан бойынша жастардың мәселелері сарапталып, үнемі бақылануда. Ағымдағы жылда жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіріп келген 13 жас халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, 10-ы жастар іс-тәжірибесіне мамандықтары бойынша жолданды. Үш жас өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. 5 адам жоғары оқу орнын, 8 адам арнаулы орта оқу орнын бітірген. Олар жастарды жұмыспен қамту - жастар ресурстық орталығы және халықты жұмыспен қамту орталығымен бірге бақылауға алынған.
2017 жылдың І жартыжылдығына аудан жастарынан 12 өтініш түсіп (7-і жұмысқа орналасу бойынша болса, 2-і - тұрғын үй мәселесі, 1-і - қайырымдылық көмек көрсету, 2-і – патриоттық шаралар өткізу), өтініштер толық қанағаттандырылып, өтініш иелеріне жазбаша жауап қайтарылды.
Күршім ауданында 2 саяси партия өкілдігі бар. Аудандық әйелдер, ардагерлер кеңестері,  ақсақалдар алқасы, «АРС» жастар ұйымы, «Шапағат» іскер әйелдер клубы, аудан әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңес ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, келелі мәселелерді шешуге атсалысуда. Ауданда межеленген тәрбиелік іс-шаралар -қайырымдылық акциялары, аз қамтылған отбасыларына көмек т.б. жұмыстарға қоғамдық ұйымдар, яғни үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысуда.
Бүгінгі күнге сандық спутниктік қабылдағыштар орнатқан отбасылар саны 4272-ке жетті. Аудан мектептерінде Отау ТВ орнату жұмыстары 100 пайызға орындалып, аудандық аурухананың үш бөліміне орнатылды. «Қазақстан», «Хабар» телеарналарын көрсетпейтін елді мекендер жоқ. «OTAU TV» ұлттық телеарнасын насихаттау бойынша 17 баннер ілінді. Ұлттық сандық телехабар тарату құрылғыларын орнату бойынша насихаттау жұмыстары жүргізіліп, демалыс, қоғамдық тамақтану сияқты халық көп жиналатын орындарда орнатылды.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге қатысудың маңыздылығы бойынша халық арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Рауан-Заря» газет беттерінде тұрғындарға кеңінен мәлімет беру мақсатында 20 мақала, сұхбат, пресс-релиздер жарияланып, аудан әкімінің сайтында, әлеуметтік желілерде 60 астам материалдар орналастырылды. Газеттің 30 маусымдағы 26 санында ауданнан ЭКСПО-2017 Халықаралық Көрмесіне барғандардың «Впечатления от Выставки – самые лучшие» атты мақаласы жарық көрді.
2017 жылдың I жартыжылдығына аудан тұрғындарына 12000 дана мерзімді баспасөз құралдарына жазылу жоспары беріліп, орындау көрсеткіші 12110 данаға жетті, яғни 101 пайызды құрады.
15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай аудандық Мәдениет Үйінде кездесу ұйымдастырылып, орталық саябақтағы ескерткішке гүл шоғы қойылып, барлық мектептер, кітапханаларда «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сағаттары, кездесулер өткізілді.
25 ақпан күні аудан орталығында «Қысты шығарып салу» мерекесі өтті. Мереке барысында митинг, мұз мүсіндерінің қорытындысы шығарылып, дастархандар сайысы өтті. Мерекеге 745 адам қатысты.
1 наурыз «Алғыс айту» күніне аудан аумағында қайырымдылық шаралар - әртүрлі ұлт өкілдерімен кездесулер, салтанатты кештер, «Өмірге ризамын» атты дөңгелек үстел, «Алғыс пен ризашылық» атты ауданның құрметті азаматтарымен, еңбек ардагерлермен кездесулер, «Алғыс жүректен шығады» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат жарыстар, күнкөрісі төмен отбасыларға материалдық көмек көрсету, қарттарға үйлерінде көмек көрсету ұйымдастырылып, аудан көлемінде 31 іс-шара өткізіліп, 6745 адам қамтылды.
Аудандық Мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер мерекесі күніне арналған салтанатты жиын, «Мен бақытты әйелмін» атты мерекелік концерт өтті. Ауылдық округтерінің іскер әйелдері, еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлеріне аудан әкімінің қабылдауына 120 іскер әйелдер, «Алтын» алқа», «Күміс алқа» иегерлері т.б. шақырылып, мерекелік сыйлықтар таратылып, дастархан жайылды. 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, жас нәрестелерді дүниеге әкелген аналарды құттықтау мақсатында Күршім ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» «Жас Отан» Жастар Қанатының белсенді мүшелері және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы нәрестелі болған аналарды құттықтап қайтты. 
22 наурыз күніне орай  «Қош келдің, Әз-Наурыз! “ атты мәдени – бұқаралық шара, мерекелік концерт, мерекелік байқаулар әр ауылдық округтерінде өткізілді. 12 ауылдық округтерде барлығы 37 киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылып, ауыл тұрғындарына Наурыз-көже үйлестірілді. Мекемелер арасында ұлттық салт-дәстүрлері бойынша сайыстар өткізіліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.Ұйымдастырылған іс-шараға 13200 астам адам қамтылды.
„1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне“ орай «Сарытау» стадионында салтанатты митинг өтіп, мерекелік шеруге барлық мекеме, ұйымдардың ұжымдары әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, әр этностың тұрмыстық ерекшеліктерімен, мәдениеті мен салт-дәстүрлерінен театрландырылған көріністер көрсетілді. Мерекеге, ЭКСПО-2017 халықаралалық көрмесіне орай бокстан жасөспірімдер арасындағы ауданаралық турнир, гір тасын көтеру, қол күресі, волейбол, арқан тарту спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған мерекеге 14765 аудан тұрғындары қатысты.
Қарулы Күштердің 25 жылдығы және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай аудандық іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес 3 мамыр күні аудандық Жастар ресурстық орталығында «Мен қазақтың сарбазымын!» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылып, байқауға 118 адам қамтылды.
4-5 мамыр күндері аудандық Мәдениет Үйінде «Қазақстанның болашағы – жалынды жастар» атты көркемөнерпаздарының гала-концерті ауылдық округтерден, аудан орталығындағы мектептер оқушылардың қатысуымен өтті. барлығы 620 адам қамтылды.
4 мамыр күні аудандық Мәдениет Үйінің кіші залында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар, жоғарғы сынып оқушыларға әскери-патриоттық тақырыптағы «Майдангер» атты фильм көрсетілді. Шараға 80 жас қатысты.
5 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде «7 мамыр-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына» орай салтанатты жиын өз деңгейінде ұйымдастырылып, мекеме, бөлім, ҮЕҰ, ауыл тұрғындары, сарбаздардың қатысуымен өтіп, 330 адам қамтылып, қызметтегі жетістіктері үшін «Күршім ауданының Құрмет Грамотасы», «Күршім ауданы әкімінің Құрмет Грамотасы», «Күршім ауданы әкімінің Алғыс хатымен» марапатталатындар №2535 әскери бөлімнен 31 әскери қызметкер, №31767»В» әскери бөлімнен 7 әскери қызметкер, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен 2 қызметкер тізімі бекітіліп, барлығы 40 адам марапатталды.
6 мамыр күні Жастар ресурстық орталығында ауыл жастары, жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен Қарулы Күштердің 25 жылдығына арналған флеш-моб ұйымдастырылып, 135 жас қамтылды.
8 мамыр күні аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің атындағы Тоқаев, Зангин, Көлбаев, Журба, Бунтовских, Жангудеев көшелерінде «велошеру» ұйымдастырылып, 125 адам қамтылды.
Барлық ауылдық округтерде, аудан орталығында 9 мамыр күні сағат 9.00-де барлық мекеме, кәсіпорындар ұжымдары, әскери бөлімдердің жеке құрамы орталық саябақтағы  5 ескерткішке «Даңқ» аллеясына гүлшоқтарын қойды. Күршім ауылындағы «Даңқ» аллеясында салтанатты митинг, «Қаһарман ұлт – Бессмертный полк» атты шеру ұйымдастырылды. Аудан әкімінің мерекелік қабылдауы «Төре Тоғам» ашық аспан астында өткізіліп, бекітілген квотаға сәйкес ауылдық округтерден 100 адам, аудан орталығынан 20 адам, барлығы 120 адам қамтылды. Сарыөлең ауылдық округінің Сарыөлең ауылындағы «Бәйге» төбеде бәйге жарысы өткізілді.     «Жазғы саябақта» жастар алаңының ашылуы өтті.
Барлық мектептерде Қарулы Күштердің ардагерлерімен, интернационалист жауынгерлермен, әскери қызметшілермен «Отан қорғаушылар – мемлекеттің қорғаныс қабілетінің кепілі» тақырыбында кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, «Аталардың ерлік жолы», «Жеңіске 72 жыл» тақырыбымен сурет сайысы, «Мен қазақтың сарбазымын!» атты патриоттық әндер конкурстары, Отан қорғаушылар күніне арналған мектепішілік спорттық жарыстар, Кеңес Одағының Батырлары жерлестеріміз Бунтовских, Журба, Кукин, Крахмаль атындағы волейбол, мини-футбол, үстел теннисінен турнирлер ұйымдастырылып өткізілді. Барлық оқу орындарында ұл балалар мен жасөспірімдерді Отан қорғаушы күнімен құттықтап, 47 сынып сағаттары, 7 дөңгелек үстел, тыл еңбеккерлер, ауған ардагерлерімен 17 кездесулер, 23 спорттық шаралар, аудандық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия өткізіліп, 2450 адам қамтылды. Аудан көлемінде Ұлы Отан соғысының жесірлеріне, тыл ардагерлеріне, қарттарға мерекелік сыйлықтар табысталып, қайырылымдылық көмектер ұйымдастырылды. Шараларға барлығы 5460 адам қамтылды.
19 мамыр күні өтетін «Оралханның көктемі» атты Халықаралық ән фестивалін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес шет елдерден, республика қалаларынан, облыс, аудан орталықтарынан келген 110 адам «Көкжал», «Балдырған», «Кнеда» қонақ үйлеріне толықтай орналастырылып, мекеме, бөлім басшыларының ұйымдастырылуымен бір жерден тамақтандырылып, толық жағдай жасалды. Қонақтар Күршім ауылындағы көрнекі жерлеріне экскурсияға қатысып, тарихи-өлкетану мұражайына, №3 Күршім гимназиясына, "Даңқ" аллеясына, «Барақ батыр» спорт кешеніне, «Барақ батыр» ескерткішіне, Орталық мешітке, Мәдениет үйіне апарылып, нысандардың тарихымен таныстырылды. Арнайы «Өскемен-Қазақстан» телеарна тілшілері, «Менің өлкем», «Рудный Алтай», «Дидар» газеттерінің журналистері шақырылды. Мереке барысында бейнеклипке 50 оқушылар қатысуымен 4 жас жұбай дайындалып, 20 «Алтын», «Күміс» алқамен марапатталған Батыр аналар арнайы киімдерімен қатысты. Мерекеге 5200 астам аудан тұрғындары қатысты.
Ауданда «Саябақтар шеруі-2017» акциясы 16 наурыз – 25 мамыр аралығында өтті. Акция ұраны «Табиғатты аялайық – болашаққа сақтайық!». 26 мамырда акцияның жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталды.
25 мамыр «Соңғы қоңырау» мерекесіне байланысты аудан әкімінің құттықтауын жеткізу үшін жауапты бөлім, мекеме басшылары 23 орта мектептегі іс-шараларға қатысты.
«31 мамыр – саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай митинг ұйымдастырылып, шараға 150-ден астам адам қатысты. Аудан жастары аудан аумағында орналасқан, ашылған барлық ескерткіштер мен аллеялардың маңайын тазартып, қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізді. Мектептерде тыл еңбеккерлермен кездесулер өткізіліп, «Қолғабыс» командалары көмек көрсетті.
4 маусым күні Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына іс-шара жоспары бекітілді. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес салтанатты митинг аудан орталығының орталық алаңында өтті. Аудан бойынша бір мезгілде Мемлекеттік Гимнің орындалуы ұйымдастырылды. Жастар орталығында "Мемлекеттік рәміздер- біздің мақтанышымыз" атты кездесу, флеш-моб ұйымдастырылды.
8 маусымда Өскемен қаласында Күршім ауданының әкімі Чукаев Сейсенғазы Жұмағалиұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді, онда 2017 жылдың І тоқсанында және осы жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар нәтижесі, аудандағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және ауданның болашақтағы даму жоспары туралы қорытындысы дайындалып, БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге республикалық, облыстық газеттерін 13 тілшісі шақырылды.
Қазақстан Республикасы шекара қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына орай,  Алматы қаласындағы «28 панфиловшылар» мемориалынан 19 мамыр күні бастау алып, 18 тамыз шекарашылар күні Астана қаласына жететін «Достық» эстафетасы Күршім ауданының Боран, Марқакөл, Күршім ауылдарынан өтіп, Күршім ауылдағы «Даңқ» аллеясында  эстафетасының салтанатты митингі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, Күршім ауданының тумасы,  шығыс өңірі шекара әскери қолбасшысы, полковник  М.Серікбаев   пен аудан әкімінің орынбасары М.Қалелов  құттықтау тілектерін білдіріп,   «Даңқ» аллеясына  гүл шоқтары қойылды. Барлығы 175 адам қамтылды.
14 маусымда  аудандық Мәдениет Үйінде медицина қызметкерлерінің мерекесіне арналған салтанатты жиналыс  өтті.  Іс-шара барысында медицина саласында үздік жетістікке жетіп, адал қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлеріне   аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» және естелік сыйлықтар табыс етілді. Шараға 350 адам қатысты.
2016-2017 оқу жылында Күршім ауданы әкімінің «Мектептің үздік түлегі» медаліне, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері, халықаралық, республикалық сайыстар мен олимпиадалар, ғылыми-практикалық жобалардың жүлдегерлері, Күршім ауданы әкімінің «Спорттағы жетістігі үшін», «Өнер саласындағы жетістігі үшін» медальдарына ие болған түлектерді марапаттау салтанаты ұйымдастырылды.
Аудандық Мәдениет Үйінің кіші залында облыстық қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы ұйымдастырылып,оған мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық-ақпарат құрал өкілдері, жастар, ауыл тұрғындарынан 80 адам қатысты.
15-16  маусымы  күндері  «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесіне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына, Марқакөл тарихи атауының ауылдық округіне және ауылға берілу құрметіне арналған  Күршім ауданы әкімінің жүлдесі үшін   аудандық XIX  cпорттық ойындары Марқакөл ауылдық округінде, Марқакөл ауылында  өткізілді.   Бұл шараға   барлық 12 ауылдық округ спортшылары, ауылдық округ  әкімдері,  мекеме, бөлім басшылары, ақсақалдар, бұқаралық ақпарат өкілдері, жастар, ауыл, аудан тумалары, қонақтары қатысты. Марқакөл стадионында жеңіл атлетика, волейбол, кіші футбол, қазақша күрес, қол күрес, шахмат, дойбы, үстел теннисі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, ипподромда бәйге, жорға жарысы, аламан бәйге өткізілді. Шараға 8750 адам қатысты.
23 маусымда аудандық Мәдениет Үйінде мемлекеттік қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Полициясының 25 жылдық кәсіби мерекесі аталып өтті. Жиынға  ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім қызметкерлері, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, полиция қызметкерлері, аудандық  БАҚ өкілдері, жастар қатысты. Мемлекеттік қызметтің имиджін қалыптастыруға, жемісті қызметі үшін аудан әкімінің Алғыс хаты, Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Іс-шараға 320 адам қатысты.
29 маусымда аудандық Мәдениет үйінде  Күршім аудандық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен «Мәңгілік  Ел» идеясы  аясында «Жастарға патриоттық тәрбие беру- біздің ортақ мақсатымыз» атты облыстық семинар  болып өтті. Семинарға  Шығыс Қазақстан Облысы  ардагерлер кеңесінің төрағасы А.С. Шерубаев, Өскемен, Шемонаиха Зырян,  Семей,  Курчатов, Риддер қалаларынан,  Үржар, Ұлан, Жарма, Көкпекті, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Зайсан, Аягөз, Абай, Бородулиха  аудандарының ардагерлер кеңесінің төрағалары, әр аудан активтері Күршім ауданынан  семинар жұмысына ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесінің  төрағалары,  мекеме, ұжым басшылары, қоғамдық ұйым және  БАҚ-ры өкілдері қатысып, «Қазақстан-Өскемен» телеарнасынан арнайы тілшілер шақырылды. Келушілер аудан орталығының көрнекті жерлерімен танысты. Аудан әкімінің қабылдауы ұйымдастырылып, келген 80 делегацияға Күршім ауданы әкімі атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
2017 жылдың І жартыжылдығында аудан әкімінің веб сайтында 182 мақала жарияланды.
Облыс әкімінің, аудан әкімінің, Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат, діни істері басқармаларынан келген тапсырмалар уақытында және сапалы орындалды. Жалпы І жартыжылдықта аудан әкімі берген тапсырма саны - 54, оның 53 орындалды, 1 тапсырма бойынша ақпараттар жинақталуда.
Ауданымызға қатысты, аудан тұрғындарының әлеуметтік желілерге шығарылған 18 материалы анықталып, жауапты мекеме басшыларымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп жауап қайтарылып, пікірлер жазылды.
Әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіліп, қатаң бақылауға алынған. Бұқаралық-ақпарат құралдарында 2017 жылдың І жартыжылдығында сыни материалдар болған жоқ.
Аудан көлемінде өткізілетін барлық іс-шаралар аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықпен, халықтар достығын сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институтаттарын қолдауға, үкіметтік емес ұйымдар қызметін үйлестіруге, мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын және ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.
2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша барлығы 465 іс-шараларға 70320 адам қатысты.
Жалпы аудандағы саяси ахуал тұрақты.

Ішкі саясат
бөлімінің басшысы А.Қасымбаева  

КЕЛІСІЛДІ
Күршім ауданы
әкімінің орынбасары М.Қалелов

Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016  жылда атқарылған жұмысы туралы ақпарат

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:  өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы

2015 жылғы 30 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы жарияланған күннен бастап аудан көлемінде бүгінгі күнге дейін 480 кездесу өткізіліп, 30478 адам қамтылды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес, жыл көлемінде Жолдауға қатысты «Жолдауды қолдау», «Елбасымызбен бірге», «Мемлекеттік бағдарламалар іске асуда», «Барлық жобалар қажет» атты айдарлар ашылып, т.б. тақырыппен республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде 5, облыстық «Дидар» -53, «Рудный Алтай» -32, «Менің өлкем» - 7, аудандық «Рауан-Заря» газетінде 63 мақалалар жарық көрді. Барлығы – 160 мақала.

Аталған жолдауды аудан тұрғындарына түсіндіріп, насихаттау мақсатында 2015 жылдың 18 желтоқсаны күні Күршім ауданы әкімінің №371 қаулысы қабылданып, аудандық ақпараттық-насихат тобы құрылды. АНТ-ның мүшелері-35 адам (аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, қоғадық ұйым өкілдері). АНТ-ның елді мекендерге шығу кестесі бекітіліп, жауаптыларға таратылды.  Әрбір ақпараттық-насихат тобына әдістемелік құралдар дайындалып, таратылды. Сондай-ақ, әрбір ауылдық округтерде де ауылдық ақпараттық топтар құрылған. Олардың құрамында 65 адам бар. Ақпараттық топ мүшелері жыл көлемінде түпкі елді мекендерге шығып, ай сайын Елбасының Жолдауын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2016 жылдың 8 қаңтары күні аудандық әкімшіліктің үлкен залында Жолдауды талқылау бойынша аудан әкімінің актив жиыны өткізілді. Активке ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы – 120 адам қамтылды.

Жолдауды түсіндіру бойынша ақпараттық топ мүшелері өткізілген түсіндіру жұмыстары бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп отырады. Атқарылған жұмыстар туралы әр айдың 25 жұлдызына дейін ішкі саясат басқармасына кестеге сәйкес қанша кездесу өткізілгені, қанша адам қамтылғаны, Жолдау бойынша аудандық басылымда қанша мақала жарияланғаны туралы ақпараттар жолданып отырады.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдау тақырыбымен 530 баннер ілінді.       
Жаңартылған баннерлерге үнемі мониторинг жүргізілді.

Ауданның діни ахуалы

Күршім ауданында барлығы 14 мешіт тіркелген, барлығының бағыты - дәстүрлі ислам діні. Олар: Күршім орталық мешіті, Теректі, Алғабас, Аманат, Барақ батыр, Боран, Бурабай, Бірлік, Қаратоғай, Қалжыр, Қарой, Құйған, Маралды, Теректібұлақ ауылдық мешіттері. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес 2012 жылы барлық мешіттер мемлекеттік тіркеуден өткен. Аудандық мешітке 2016 жылы Шәмерхан Ажы жұмысқа келді. Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» университетін бітіріп келген жас маманға мемлекет тарапынан үймен қамтамасыз етілді.
Аудан бойынша Қарой, Қаратоғай, Теректібұлақ ауылдары мешіттерінде имамдар жоқ. Имамы жоқ ауылдық мешіттерге имам табу жұмыстарының негізінде 2016 жылдың 7 сәуір күні Абай ауылдық округінің Теректі-Бұлақ ауылына Қ.Сәбиолдаұлы имам болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде 2016 жылдың 6 қаңтар күні Күршім ауданындағы жергілікті атқарушы органдардың жанындағы дін мәселелері жөніндегі аудандық, ауылдық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамы бекітілді.

Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына ауылдық округ әкімдері, мешіт имамдары, үкіметтік емес ұйымдар, дінтану мұғалімдері, жастар ұйымдары және тұрғындар арасындағы абыройлы азаматтар енгізіліп, белсенді түсіндіру, алдын- алу жұмыстарына тартылуда.

Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспары негізінде жыл көлемінде Күршім, Теректі, Төсқайың, Боран, Қалжыр, Ақбұлақ, Қалғұты, Балықшы, Абай, Маралды, Сарыөлең, Құйған ауылдық округтерінде болып, радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуының алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлері, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, ауыл тұрғындары, жастар, кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, атап айтқанда №2535, №31 әскери бөлімдері, «Төретоғам» ЖШС-ің қызметкерлері, орталық базар саудагерлері, оралмандар және де жоғарғы сынып оқушыларымен 95 кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Қамтылған адамдар саны 5548.

Жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің профилактикасы бойынша радикалды діни идеологияның зияны туралы 1530-дан астам ақпараттық буклеттер, «Мен, Қазақстан зайырлы мектеп формасын таңдаймын!», «Әйел- өз халқының дәстүрлі құндылықтарын сақтаудың кепілі!», «Распространение идей религиозного экстремизма и терроризма – основной инструмент для разобщения народа Казахстана, разрушения общественного сознания, уничтожения идей патриотизма, межнационального согласия и единства народа Казахстана» атты 500 данадан аса арнайы анықтамалық кітапшалар таратылды.

2016 жылдың 14-15 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы келісімімен жоғары білімді теолог мамандар шақырылып, Күршім, Абай, Құйған, Ақбұлақ, Алтай, Қарой, Қайнарлы, Теріскей – Бөкенбай, Қаратоғай, Қарашілік, Былғары –Табыты, Ақши, Барақ батыр, Қазақстан, Жаңаауыл, Боран, Сарыөлең, Қалжыр елді мекендерінде ауыл тұрғындары арасында дін мәселелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп, «Сақ бол, жас түлек!» акциясы аясында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізілді.

Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің құрамына ауылдық округтердегі мешіт имамдары да кіреді. Күршім ауданы бойынша 14 мешіттің 11 мешітінде 16 имам дін саласында қызмет атқаруда. Олардың 3-еуі жоғары білімді, 5-еуі ҚМДБ-ның жанындағы ҚР имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында «Имам хатиб» мамандығы бойынша білім алған, 8-і ҚМДБ сауат ашу курстарынан білім алып арнайы муфтидің бұйрығымен қызметке тағайындалған. Аудандық мешіт орталық мешітіне маусым айында Нұр-Мүбарак университетінің түлегі,«Исламтанушы» Шәмерхан Ажы наиб имам қызметіне келді. Бүгінгі күні аудандық әкімшіліктің көмегімен тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2016 жылдың сәуір айында Қалжыр ауылдық округіне жаңадан Ыдырышев Жандос Жаңалықұлы, Теректібұлақ, Бурабай ауылдарына мамыр айына Сабиолда Қани, Абдрахманов Мақсат, Алғабас ауылына Тотаев Аманбек Маратұлы имам қызметтеріне тағайындалды. Теректібұлақ ауылының имамы тамыз айынан бастап қызметінен кетуіне байланысты (материалдық жағдайдың жасалмауы себебінен) қазіргі уақытта бос тұрған Теректібұлақ, Қалғұты, Қарой, Аманат мешіттеріне Нұр-Мүбарак университеті сияқты жоғарғы оқу орындарының студент жастарын қызметке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік органдардың қызметкері болып табылмайтын ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін қаржыландыру үшін аудандық бюджеттен 428,0 мың теңге қаражат бөлініп, мамыр – маусым айларында толық игерілді.
Жұмыс тобының атқарған жұмыстары туралы аудан тұрғындарына жеткізу мақсатында жыл көлемінде аудандық «Рауан-Заря» газетінің «Имандылық» айдарында 53 мақала жарық көрді. Сонымен қоса, Дін істері басқармасы мен жергілікті атқарушы органдардың қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен қолдауға бағытталған 58 материал ғаламтор желісіне жарияланды.

Аудандағы барлық ауылдық округтер мен елді мекендердің 19 көрнекі жерлеріне діни экстремизмге және терроризмге қарсы сипаттағы баннерлер орналастырылды.
Аудан аумағындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелерін анықтау және іс-әрекеттерге бақылау жасау мақсатында орталық алаңға бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде. «Фейсбук», «В контакте» және т.б. танымал әлеуметтік желілерді бақылау үшін жастар арасында блоггерлер құрылған. Сондай-ақ, экстремистік сипаттағы сайттар мен ақпараттық материалдарды анықтау мақсатында Ғаламтор кеңістігіне мониторинг жүргізу жұмысы ұйымдастырылды. Теріс сипаттағы материалдар 2016 жылы анықталған жоқ.

Ағымдағы жылы ауданда деструктивті діни ұйымдар, олардың жұмысы жайлы деректер тіркелген жоқ, діни ахуал тұрақты.    
Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы жоспарға сәйкес тоқсанына 1 реттен 4 рет өткізілді.
Ауданда бір діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды тарататын арнайы стационарлық үй-жай (аудандық мешіт ғимараты) белгіленген. Діни жоралғылар ғибадат үйлерінен тыс жерлерде өткізу орындары жоқ.

Тұрғындарға діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында арналған республикалық «Қауырт желі-114», облыстық ақылы сенім телефонымен (87232)741245 қамтамасыз етілген және сенім телефонының жұмыс істейтіні туралы хабарландыру 2016 жылдың 13 ақпан күні және 24 қыркүйектегі №41, 8 қазандағы №43 сандарында аудандық «Рауан-Заря» газетінде жарық көрді, 11 маусым № 26 «Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама» жарияланды. Әр ауылдық округтердің көрнекі жерлерінде республикалық «Қауырт желі-114», облыстық ақылы сенім телефонымен (87232)741245 қамтамасыз етілген және сенім телефонының жұмыс істейтіні туралы хабарландыру ілінген.

Ауданда діни ахуал тұрақты.

Қоғамдық ұйымдар

Күршім ауданында 2 саяси партия өкілдігі бар. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында саяси партиялар депутаттыққа кандидаттарынан резерв іріктеу жұмыстарын ұйымдастырады. Конституциялық реформа, ҚР Конституциясындағы партияның рөлі, қызметі туралы өзгерістер болған жағдайда барлық ауылдық округтердегі елді мекендерде кездесу өткізіліп отырады. ҚР мемлекеттік  жастар саясатын іске асыру мақсатында, аудандағы  демографиялық саясатты жандандыру бағытында, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім бөлімдерімен, ардагерлер, әйелдер кеңестерімен бірлесе отырып дөңгелек үстелдер,  кездесу кештері өткізіліп тұрады.
Елбасының Жолдауы және  одан туындайтын міндеттер жайлы саяси мәнді мақалалар аудандық басылым беттеріне жарияланып, ақпараттық-насихат топтарымен халық арасында насихатталуы  жүзеге асырылуда.
Аудандық әйелдер, ардагерлер кеңестері,  ақсақалдар алқасы, «АРС» жастар ұйымы, «Шапағат» іскер әйелдер клубы, аудан әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңес ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, келелі мәселелерді шешуге атсалысуда. Ауданда межеленген тәрбиелік іс-шаралар -қайырымдылық акциялары, аз қамтылған отбасыларына көмек т.б. жұмыстарға қоғамдық ұйымдар, яғни үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысады. Аудандық «Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі» кеңес құрамында  аудандық әйелдер кеңесінің, іскер әйелдер клубының төрайымдары нәтижелі жұмыстар атқаруда.

Ұлттық телеарна бойынша

Бүгінгі күнге сандық спутниктік қабылдағыштар орнатқан отбасылар саны 4349-ке жетті. Аудан бойынша жалпы аула саны -7603. Бұл көрсеткіш жалпы аула санының 60 пайызы. Оның ішінде 4289-сы жеке тұлға болса, 60-ы заңды тұлғалар. Олар: Ақжайлау, Алқабек, Қарашілік, Мойылды, Көкжота, Балықтыбұлақ, Маралды, Шанағаты, Теректі шекара бекеттері мен Төсқайың комендатурасы. Аудан мектептерінде Отау ТВ орнату жұмыстары 100 пайызға орындалып, аудандық аурухананың үш бөліміне орнатылды.
Бүгінге «Қазақстан», «Хабар» телеарналарын көрсетпейтін елді мекендер жоқ. «OTAU TV» ұлттық телеарнасын насихаттау бойынша 15 баннер ілініп, аудандық газетте 8 мақала жарық көрді.

2016 жыл көлемінде «Туған жерге тағзым» акциясы аясында тартылатын инвестиция бойынша ақпарат

Аудан/ ауылдық округтер 2016 жылға жоспарланған жобалар саны 2016 жылға жоспарланған инвестиция көлемі млн.теңге Жыл басынан іске асырылған жобалар саны Жыл басынан бері игерілген қаржы көлемі млн.теңге Пайызы
1 Күршім а/о 14 58,9 14 58,9  
2 Теректі а/о 1 20,0 1 20,0  
3 Абай а/о 3 9,0 3 9,0  
4 Ақбұлақ а/о 2 4,0 2 4,0  
5 Балықшы а/о 3 4,1 3 4,1  
6 Боран а/о 1 15,0 1 15,0  
7 Қалжыр а/о 4 17,0 4 17,0  
8 Қалғұты а/о 4 7,0 4 7,0  
9 Құйған а/о 1 10,0 1 10,0  
10 Маралды а/о 6 12,5 6 12,5  
11 Сарыөлең а/о 2 5,0 2 5,0  
12 Төсқайың а/о 3 4,5 3 4,5  
Барлығы 44 160,0 44 160,0 100,0

                  
Ауданда акция аясында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ: ауылдық округ кіре берістеріне арка орнату, жолдарды жөндеу, елді мекендерді аббатандыру, балалар ойнау алаңдарын салу, т.б. жобалар орындалады.

2016 жылдың II жартыжылдығына баспасөз басылымдарына жазылу бойынша  ақпарат
2016 жылдың II жартыжылдығына аудан тұрғындарына 12200 дана мерзімді баспасөз құралдарына жазылу жоспары беріліп, болжамды көрсеткіш 12118 дана, яғни 101 пайызды құрады.
Ауылдық округтер бойынша баспасөз басылымдарына жазылу барысының қорытындысы төмендегідей:

Ауылдық округ атауы Жоспар Орындалғаны %
1 Күршім 3750 3832 102
2 Теректі 1989 2054 103
3 Абай 575 603 105
4 Ақбұлақ 255 396 155
5 Балықшы 372 283 76
6 Боран                                    1223 594 49
7 Қалғұты 424 630 149
8 Қалжыр 991 1577 159
9 Құйған 512 494 96
10 Маралды 622 409 66
11 Сарыолен 832 801 96
12 Төсқайын 455 445 98
  Барлығы 12000 12118 101

 

Рейтинге кіретін республикалық және облыстық газеттерге жазылу бойынша аудан тұрғындары «Дидар» газетіне болжамдағы 1040 дананың 935 данаға жазылып 90 пайыз құрады, «Рудный Алтай» 320 дананың 274 данаға жазылып 86 пайыз құрады, «Егемен Қазақстан» газетіне болжамдағы 860 дананың  750 данаға жазылып 87 пайызды құрады, «Казахстанская Правда» газетіне болжамдағы 220 дананың  161 данаға жазылып 73 пайыз құрады.
Ауылдық округтер бойынша рейтингтік басылымдарға жазылу деңгейі төмендегідей:

Ауылдық округ Дидар Руд.Алтай Егемен Қазақстан Каз.Правда
    Жос Ор % Жос Ор % Жос Ор % Жос Ор %
1 Күршім 324 282 87 103 89 86 270 221 82 62 54 87
2 Теректі 165 184 112 50 57 114 140 163 116 30 31 103
3 Абай 52 50 96 17 8 47 43 57 133 12 7 58
4 Ақбұлақ 25 24 96 8 7 10 22 22 100 10 7 70
5 Балықшы 40 17 43 12 6 50 32 12 38 8 3 38
6 Боран 91 84 92 27 20 74 76 43 57 18 11 61
7 Қалғұты 40 40 100 11 11 100 30 30 100 10 9 90
8 Қалжыр 85 76 89 26 9 35 70 63 90 18 8 44
9 Құйған 50 44 88 15 15 100 41 32 3 11 6 55
10 Маралды 55 55 100 16 14 88 45 45 100 13 13 100
11 Сарыөлен 75 39 52 22 10 45 60 43 72 18 4 22
12 Төсқайын 38 40 105 13 28 215 31 19 61 10 8 80
  Барлығы 1040 935 90 320 274 86 860 750 87 220 161 73

2016 жыл көлемінде «Еңбек адамы» айдарымен - 7 мақала, «Имандылық» айдарымен - 42 мақала, «Туған жерге тағзым» айдарымен - 3, «Жолдауға қолдау» айдарымен – 20, «Мерейлі отбасы» - 3, «Ұлы Женіс күніне 71 жыл»- айдарымен 7 мақала жарияланды. «Жұмыспен қамту - 2020» - 5, «Денсаулық» айдарымен - 7, «Спорт» айдарымен - 13, «Кәсіпкерлік қырлары» - 3, «Қайырымдылық» - 12, «Сенбілік» айдарымен - 12, «Сот жаршысы» айдарымен - 5, «Жемқорлықпен күрес» - 8, «Көктемгі егіс» - 2, «Ардагерлерді ардақтайық»-5, мүлікті жария ету-28 мақала жарияланды.

Облыстық, аудандық газеттерде сыни мақалалардың саны -2.
Қоғамдық-саяси «Рауан-Заря» газеті аптасына бір рет жұма күні екі тілде жарыққа шығады. «Рауан - Заря» газетінің таралымы -3611 дана. 2002 жылдан бастап газеттін қосымшасы «Болашак» айына 1 рет шығады.
Аудан әкімінің веб сайтында үнемі әр-түрлі аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар шығады. 2016 жылда  аудан әкімінің веб сайтына 187 мақала жолданды.
Жалпы аудандағы саяси ахуал тұрақты.

 

Күршім аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2015  жылы атқарған жұмыстары

Діни ахуал

Күршім ауданында барлығы 14 мешіт тіркелген, барлығының бағыты - дәстүрлі ислам діні. Олар: Күршім орталық мешіті, Теректі, Алғабас, Аманат, Барақ батыр, Боран, Бурабай, Бірлік, Қаратоғай, Қалжыр, Қарой, Құйған, Маралды, Теректібұлақ ауылдық мешіттері. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес 2012 жылы барлық мешіттер мемлекеттік тіркеуден өткен.
Ағымдағы жылы аудандық және облыстық ақпараттық-насихат тобы мүшелері радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ, бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуының алдын алу мақсатында, 2015 жылы ауданның 20 елді мекенінде болып, барлығы 46 кездесулер өткізді. Кездесулерге жоғарғы сынып оқушылары, жастар, әскери бөлім сарбаздары, аудан активі, мекеме, ұйым қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары, оралмандар, жұмыссыздар, жеке кәсіпкерлер қатысып, барлығы 3100 адам қамтылды. Атап айтқанда, биылғы жылы Күршім, Сарыөлең, Бірлік, Барақ батыр, Бурабай, Қойтас, Ақбұлақ, Алтай, Қарой, Қайнарлы, Теріскей-Бөкенбай, Қаратоғай, Боран, Қарашілік, Былғары-Табыты, Қалжыр, Оң жақ Қалжыр, Ақши, Қазақстан, Жаңаауыл, Алғабас, Теректі ауылдарында ақпараттық топ түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.
Күршім ауданындағы 14 мешіттің 11-інде бүгінгі күні 12 имам қызмет атқарады.
Дәстүрлі құндылықтарға дағдыландыру, діни тұрақтылықты сақтау, қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруды бұқаралық құралдары арқылы насихаттау мақсатында аудандық «Рауан»-«Заря» газетінде «Имандылық» атты айдар ашылып, онда айына 1 рет тұрақты түрде мақалалар жариялануда. 2015 жылы барлығы 40 мақала газет беттерінде, аудан әкімінің веб-сайтында жарық көрді.
 «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы бойынша
2014 жылғы 11 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол өзінің кезекті Жолдауы жарияланған күннен бастап аудан көлемінде бүгінгі күнге дейін 238 кездесу өткізіліп, 26903 адам қамтылды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» кезекті Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүймелдеу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес, жыл көлемінде  Жолдауға қатысты «Жолдауды қолдау», «Нұрлы жол – болашақтың жолы», «Мемлекеттік бағдарламалар іске асуда», «Барлық жобалар қажет» атты айдарлар ашылып, т.б. тақарыппен республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне 8 мақала, облыстық «Дидар», «Рудный Алтай», газеттеріне 17 мақала, аудандық «Рауан-Заря» газетінде 255 мақала жарық көрді.
Аталған жолдауды аудан тұрғындарына түсіндіріп, насихаттау мақсатында 2014 жылдың 18 қарашасы күнгі Күршім ауданы әкімінің №3513 қаулысы қабылданып, аудандық ақпараттық-насихат тобы құрылды. АНТ-ның мүшелері-24 адам (аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, қоғадық ұйым өкілдері). АНТ-ның елді мекендерге шығу кестесі бекітіліп, жауаптыларға таратылды. Әрбір ақпараттық-насихат тобына әдістемелік құралдар дайындалып, таратылды. Сондай-ақ, әрбір ауылдық округтерде де ауылдық ақпараттық топтар құрылған. Олардың құрамында 78 адам бар. Ақпататтық топ мүшелері жыл көлемінде түпкі елді мекендерге шығып, ай сайын Елбасының Жолдауын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
13 қараша күні аудандық әкімшіліктің үлкен залында Жолдауды талқылау бойынша аудандық актив жиыны өткізілді. Активке ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы – 350 адам қамтылды. 12 желтоқсан күні 4 адамнан тұратын Республикалық ақпараттық топ Елбасының кезекті Жолдауын тұрғындарға түсіндіріп, Абай, Құйған, Қаратоғай, Күршім Сарыөлең, Маралды ауылдық округітерінде болып қайтты.
Жолдауды түсіндіру бойынша ақпараттық топ мүшелері өткізілген түсіндіру жұмыстары бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп отырады. Атқарылған жұмыстар туралы әр айдың 25 жұлдызына дейін ішкі саясат басқармасына кестеге сәйкес қанша кездесу өткізілгені, қанша адам қамтылғаны, Жолдау бойынша аудандық басылымда қанша мақала жарияланғаны туралы ақпараттар жолданып отырады.
    «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» тақырыбымен 65 баннер ілінді.

Жалпы баннерлер саны Баннерлердің тақырыптары
Тематика Саны
315 баннер «Нұрлы Жол» 65
«Экспо 2017» 15
Жалпы ұлттық келісім 18
Сыбайлас жемқорлықпен күрес 12
Дін 13
Қазақстан 2050 «Мәңгілік Ел» 23
Жол картасы -2020 15
Жұмыспен қамту-2020 15
ТҮКШ 14
Конституцияның 20 жылдығы 18
Қазақстан Халықтары Ассамблеясы 22
Қазақ Хандығының 550 жыллдығы 14
Ағымдағы мерекелер 27
Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию 23
Государственная программа развития образования Республики Казахстан 19
Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Саламатты Қазақстан» 19
Государственная программа развития и функционирования языков в Республике Казахстан 13

Жаңартылған баннерлерге үнемі мониторинг жүргізілді.
Қоғамдық ұйымдар
Ауданда қоғамдық кеңес, ақсақалдар алқасы, ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар, «Жан шуағы», «АРС» сияқты ұйымдар 2015 жылға бөлінген әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында:  «Жүрек жылуы» атты патронаттық балалар мен ата- аналар арасындағы слет, «Бір шаңырақ астында» акция, «Тәуелсіздіктің тірегі-Конституция» атты форум, «Терроризм заман қасіреті» атты іс-шаралар ұйымдастырып өткізді. Ауданда өткізілетін іс-шараларға қоғамдық ұйымдар белсене қатысып ат салысып отырады.
Күршім ауданында 4060 зейнеткер бар, оның 3945-і аудандық ардагерлер ұйымының құрамында, оның ішінде: ҰОС-на қатысушылар – 3, тыл ардагерлер – 610, жалғызбастылар – 340, оның 87-сі әлеуметтік қызметкерлерге бекітілген.
Аудандық ардагерлер ұйымы 33 пленум мүшесі, 11 төралқа мүшелерінен тұрады. Негізгі атқарушы ортаны Кеңес болып табылады.
Аудандық ардагерлер ұйымы өз жұмысын аудандық әкімшілік, «Нұр Отан» партиясы, аудандық білім, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімдері, ауылдық округтер, еңбек ұжымдары, мекеме басшыларымен тығыз байланыста жүргізеді.
2015 жылы аудандық ардагерлер ұйымы Кеңесінің отырысы 8 рет өткізіліп, онда 22 мәселе қаралды. Атап айтқанда: Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талдау, «Аудандық ардагерлер ұйымының 2014 жылғы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралардың орындалуы», «Бастауыш ардагерлер ұйымдарының есеп-беру жиналыстарын өткізу», «Қарттар айлығын өткізу», «Ардагерлер ұйымдарында өткен есеп-беру жиналыстарының қорытындысы», «2016 жылдың баспасөзіне жазылу туралы» т.б. мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ұлттық телеарна бойынша
Бүгінгі күнге аудан бойынша сандық спутниктік қабылдағыштар орнатқан отбасылар саны 3654-ке жетті. Бұл пайыздық көрсеткішпен жалпы аула санының 52 пайызын құрайды. Оның ішінде 3631-і жеке тұлға болса, 23-і заңды тұлғалар. 2015 жылдың басынан бері 636 абонент қосылды. «Сұр тарелкалар» саны-38. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Күршім аудандық филиалы бойынша «ID TV» қосқандар саны-205.
«Қазақстан Республикасының сандық телетаратудың ұлттық желісі» жобасымен бекітілген 2013-2017 жылдарға «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Құйған радиотелевизиялық бекетінде және Теректі, Боран, Маралды, Ақбұлақ, Үшбұлақ, Бурабай, Қыстаукүршім ауылдарында сандық тарату құрылғысы орнатылған.
Ауданның «Қазақстан», «Хабар» ұлттық телеарналарын көрсетпейтін елді мекендерінің барлығына «Қазтелерадио» АҚ ұйымдастырған акциялар арқылы арзандатылған бағамен «OTAU TV»  орнатылған. Бүгінге «Қазақстан», «Хабар» телеарналарын көрсетпейтін елді мекендер жоқ. «OTAU TV»  ұлттық телеарнасын насихаттау бойынша 4 баннер ілініп, аудандық газетте 5 мақала жарық көрді.
«Туған жерге тағзым» акциясы
«Туған жерге тағзым» акциясы 2015 жылы 7-жыл жалғасын тауып келеді.

Мерзімі Жоба саны Қаржысы (теңге)
2009 жыл 5 112,0
2010 жыл 7 88 ,65
2011 жыл 18 408,907
2012 жыл 49 426,38
2013 жыл 69 260,57
2014 жыл 82 200,76
2015жылы 64 224,07
Барлығы 294 1,632, 687

2015 жылы жоспарланған 64 жоба 224 млн. 70 мың теңгеге орындалып, 117,0 пайызға жетіп, іске асырылды.
Бүгінгі күнге дейін 7 жыл көлемінде 294 жоба іске асырылып 1млрд 632 млн. 687 мың теңге игеріліп, ауданда акция аясында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ: ауылдық округ кіре берістеріне арка орнату, жолдарды жөндеу, елді мекендерді аббатандыру, балалар ойнау алаңдарын салу, т.б. жобалар орындалды.
2016 жылдың I жартыжылдығына баспасөз басылымдарына жазылу бойынша  ақпарат
2016 жылдың I жартыжылдығына аудан тұрғындарына 12200 дана мерзімді баспасөз құралдарына жазылу жоспары беріліп, болжамды көрсеткіш 15502 дана, яғни 129 пайызды құрады.
Ауылдық округтер бойынша баспасөз басылымдарына жазылу барысының қорытындысы төмендегідей:

Ауылдық округ атауы Жоспар Орындалғаны %
1 Күршім 3732 4871 131
2 Теректі 1995 2502 125
3 Абай 570 825 145
4 Ақбұлақ 250 402 161
5 Балықшы 365       508 139
6 Боран 1250 1470 118
7 Қалғұты 420 580 138
8 Қалжыр 994        1415 142
9 Құйған 504 707 140
10 Маралды 620 632 102
11 Сарыолен 830 896       108
12 Төсқайын 470 694 148
  Барлығы 12200        15502 129

Ауылдық округтер бойынша рейтингтік басылымдарға жазылу деңгейі төмендегідей:

Егемен Қазақстан

Каз Правда Дидар Рудный Алтай Рауан-Заря
Бер Орын % Бер Орын % Бер Ор % Беріл Орын % Беріл Орын %
800 774 96,6 150 179 119 900 900 100 300 268 89,3 4000 3675 91.8

 Барлық жоспар тапсырма -2150 дана, орындалғаны -2121 дана, 98.6%- ға орындалды.
Мемлекеттік бағдарламалардың ауданда орындалуы бойынша жарияланған мақалаларға сараптама жасалды. Республикалық  «Егемен Қазақстан»-7, облыстық «Дидар»-40, «Рудный Алтай»-22, «Менің Өлкем» - 12 мақалалар жарияланды. Барлығы – 81 мақала. Жұмыс жалғасады.
2015 жылы «Еңбек адамы» айдарымен - 7 мақала, «Имандылық» айдарымен - 17 мақала, «Туған жерге тағзым» айдарымен - 10, «Жолдауға қолдау» айдарымен – 38, «Мерейлі отбасы» - 2, «Ұлы Женіс күніне 70 жыл»- айдарымен 62 мақала жарияланды. «Жұмыспен қамту - 2020» - 8, «Денсаулық» айдарымен - 9, «Спорт» айдарымен - 18, «Кәсіпкерлік қырлары» - 5, «Қайырымдылық» - 8, «Білім» - 5, «Сенбілік» айдарымен - 5, «Сот жаршысы» айдарымен - 10, «Өзекті мәселе» - 3, «Жемқорлықпен күрес» - 5, «Көктемгі егіс» - 5, «Біздің рейд» - 2, «Ардагерлерді ардақтайық»-10 мақала жарияланды.
Облыстық, аудандық газеттерде және телеарнада жарияланған сыни мақалалардың саны -7. Газеттерде – 2, телеарнада -5
Қоғамдық-саяси «Рауан-Заря» газеті аптасына екі рет сәрсенбі, жұма күндері  екі тілде жарыққа шығады. Таралымы 3963 дана. 2002 жылдан бастап  газеттің қосымшасы «Болашақ» айына 1 рет шығады.
Аудан әкімінің веб сайтында үнемі әр-түрлі аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар шығады.
Жалпы аудандағы саяси ахуал тұрақты.

Жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы жұмыс «Қазақстан Республикасындағы мемлекттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының негізгі бағыттарына негізделеді. Жастар орталығының мақсаты - жастарға дұрыс тәрбие беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, жастар арасындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында жастар қоғамдық ұйымдарындағы, білім мекемелеріндегі және еңбек коллективіндегі жастарды іс-шараларға тарту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Күршім ауданында халық саны 27315 оның ішінде 14-29 аралығындағы жастар саны - 6424, яғни халық санының 22 пайызын жастар құрайды. Оның ішінде ер балалар -3782, қыздар - 3313. Осылардың ішінде 3250 жас аудан орталығының өзінде тұратын болса, 3220 жас ауылдық округтерде тұрады. Мемлекеттік қызметкерлер саны 110, оның ішінде жастар-25, жалпы кәсіпкерлер саны – 2115, оның ішінде жастар-38, шаруа қожалықтар саны 964, оның ішінде жастар – 17. Күршім ауданы бойынша 12 ауылдық округте 12 жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар жұмыс атқаруда.
Ауданда «Жас Отан» жастар қанаты, «АРС» (ауылдың рухы самғасын) үкіметтік емес жастар ұйымы бар. «Жас Ұлан» ұйымына -2936, «Жас қыран» ұйымына-1314 мүше қабылданды.
«Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар – Отанға!» сияқты бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары іске асырылуда.
Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын, жастар арасында жұмыспен, тұрғын үймен қамтылу, діни сауаттылық, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс кестесі жасалып, бекітілді.
2015 жылы 6 кездесу, 5 дөңгелек үстел отырысы, 2 акция, 10 спорттық жарыстар, 1 дебат, 2 флеш-моб, 6 мерекелік кеш өткізілді. Барлығы 32 іс-шара өткізіліп, оған 4800-тей жас қамтылды.
«Сайлау», «Сыбайлас жемқорлық», «Дін» туралы жастар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 150 жас қатысты.
Аудан әкімінің сайтына 25 мақала берілді. Жастар арасындағы саяси ахуал тұрақты

Күршім ауданы
әкімінің орынбасары М.Қалелов

 

Қазтелерадио отандық KazSat-3 жерсерігіне көшуде *.doc 39 Kb

 

Парақтар өзгертілді: 04-08-2017