Сейсенбi, 24 Сәуір 2018 г. 16:39

Әдеп жөніндегі уәкіл

Абилмажинов Асан Казезбекович ШҚО Күршім ауданы әдеп жөніндегі уәкіл - ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы Абилмажинов Асан Қазезбекұлы

Жұмыс телефоны: 8-723-39-22-102.
Ұялы телефоны: 87772834201.
Кабинеті: №6.
Мекен-жайы: ҚР ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы Ибежанов көшесі, 23.
Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау күні: Әр айдың IV сәрсенбіcі.   

 

 

 

 

 

Абижанова Зарина Муратовна Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі – Абижанова Зарина Муратовна

Мекенжай: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,  М. Горький көшесі, 40, 127 кабинет.
Байланыс телефоны: 8(7232) 71-31-78.
E-mail: z.abizhanova@akimvko.gov.kz.

 

Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесі

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайтын тұлғаның аты-жөні, тегі Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы Қабылдау күні мен  уақыты Қабылдау орны Байланыс телефоны
Абижанова Зарина Муратовна Шығыс Қазақстан облыс әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Апта сайын сейсенбі күндері сағат 16.00-ден
18.00-ге дейін
Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 127 кабинет. 8(7232)
71-31-78

 

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2017 жылы атқарған жұмыстары және 2018 жылға белгілеген іс-шаралары туралы

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2017 жылы атқарған жұмыстары және 2018 жылға белгілеген іс-шаралары туралы Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы-әдеп жөніндегі уәкілдің бекітілген қызметтік іссапарының кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Құйған, Сарыөлең ауылдық округтеріндегі  қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал жағдайы  тексерілді. Сонымен қатар Күршім, Балықшы ауылдық округтерін, 9 дербес бөлімді барып тексеру жоспарланған.
Әдеп жөніндегі уәкіл өткізген  кеңесте 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебін берді.
2017 жылы 14  аппараттық кеңес өткізіліп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын,  Әдеп Кодексі нормаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары  жүргізілген.
3  ауылдық округтегі, 9 дербес бөлімдегі  моральдық-психологиялық жағдайдың тексерілуі ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілерге  ағымдағы Заңнама талаптары бойынша  түсініктеме берілген.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингілеу мақсатында  мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізілген. Анкета қорытындысы негізінде жасалған іс-шаралар жоспары мемлекеттік орган басшыларына   жұмыс барысында  басшылыққа алу үшін жолданған. 
Мемлекеттік орган басшысына  мемлекеттік органның оң имиджін  және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным беріліп, 23 адам марапатталған.
Бүгінгі күнге Әдеп Кодексі талаптарын бұзу фактісі тіркелмеген. Әдеп жөнiндегi уәкiлге мемлекеттік қызметшілерден және азаматтардан арыздану фактілері түспеген.
Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл  2018 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Кеңеске   қатысушыларға мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамалар және Әдеп Кодексі, Еңбек Кодексі талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. 
Кеңестің соңынан кейін  жеке қабылдау өткізілетіні, қатысушыларға жеке сұрақтары  болса жазбаша және ауызша айтуларына болатындары туралы хабарлама жасалды.

 

Аппарат басшысы- әдеп жөніндегі уәкіл    А.Абилмажинов

 

kn Әдеп жөніндегі уәкілдің 2017 жылы атқарған жұмыстары және 2018 жылға белгілеген іс-шаралары туралы
   
Парақтар өзгертілді: 30-03-2018