Әдеп жөніндегі уәкіл

Абилмажинов Асан Казезбекович ШҚО Күршім ауданы әдеп жөніндегі уәкіл - ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы Абилмажинов Асан Қазезбекұлы

Жұмыс телефоны: 8-723-39-22-102.
Ұялы телефоны: 87772834201.
Кабинеті: №6.
Мекен-жайы: ҚР ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы Ибежанов көшесі, 23.
Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау күні: Әр айдың IV сәрсенбіcі.  

 

 

 

 

 

Арыстанбек Ринат Арыстанбекулы Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі.

Мекенжай:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
М.Горький көшесі № 40, 127 кабинет.
Байланыс телефоны: 8 (7232) 71-31-78.
Электронды мекен-жайы: r.arystanbek@akimvko.gov.kz.

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесі

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайтын тұлғаның аты-жөні, тегі

Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы

Қабылдау күні мен уақыты

Қабылдау орны

Байланыс телефоны

Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы

Шығыс Қазақстан облыс әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Апта сайын сейсенбі күндері
сағат 16.00-ден
18.00-ге дейін

Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40, 127 кабинет

8(7232)
71-31-78

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Р.Арыстанбектің мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтарды қабылдауды өткізу кестесі 

Аудан атауы

Өткізу уақыты, орны

1

Күршім ауданы

15.08.2018 ж.
Күршім ауылы
Сағ. 11.30-13.00 (қабылдау)
Марқакөл ауылы 0 (қабылдау)

 

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген.
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережені,  сондай-ақ  Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1)мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2)мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3)өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4)ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5)мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6)мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
7)мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8)мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;

9)Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10)Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11)заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
12)қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Мемлекеттік қызметшінің міндеті - халыққа қызмет ету

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданып, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылды.
Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз әрекетінің алдын алуға бағытталған.  
Мемлекеттік қызметте кадрлардың кәсіби сапасы арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы бағаланады. Мемлекеттік қызметшінің іскерлігі ғана емес, сонымен қатар оны айналасындағыларға құрметі мен ізеті де сараланады. Сондықтан мемлекеттік қызметші күнделікті жұмысында қарапайымдылық, ашықтық, адалдық сияқты принциптерді басшылыққа алып,  қызметінің халық алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігі-бірін-бірі толықтыратын факторлар. Сол себепті мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс атқаруы-бүгінгі күннің басты талабы.
Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдары талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылыққа жол бермей, өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін ұштастыра отырып, еліміздің өркендеп дамуына үлесін қосуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырып, халық сенімінен шығу-мемлекеттік қызметшінің басты міндеті.

Әдеп жөніндегі уәкіл   А.Абилмажинов

 

kn Мемлекеттік қызмет-басты міндет *.doc 77 KB
kn Әдеп жөніндегі уәкілдің 2017 жылы атқарған жұмыстары және 2018 жылға белгілеген іс-шаралары туралы *.doc 48 KB
kn Әдеп жөніндегі уәкілдің 2017 жылы атқарған жұмыстары және 2018 жылға белгілеген іс-шаралары туралы  
Парақтар өзгертілді: 28-12-2018