Жұма, 23 Маусым 2017 г. 11:11

Азаматтардың арыз-өтініштері

2016 жылыжеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы жөнінде ақпарат

2016 жылы Күршім ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен 255 өтініш түскен, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 81 өтінішке аз (2015 жылы 336 өтініш).


Өтініштер тақырыбы 2016 жылы аса өзгерген жоқ: өткен жылдардағыдай өзекті мәселелер жер пайдалану (74, немесе жалпы санының 29 %), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (56, немесе 22 %), мемлекеттік басқару (22, немесе 8,6%), еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік және зейнеткерлік қамтамасыз ету (21, немесе 8,2%), бұқаралық ақпарат құралдары (18, немесе 7%), білім беру (11, немесе 4,3%), кәсіпкерлік және өнеркәсіп (7, немесе 2,7%) және басқаларына қатысты.


2016 жылы аудан әкімі аппаратының басшылығымен 51 қабылдау жүргізіліп, 96 адам қабылданған (оның ішінде аудан әкімімен 69 адам қабылданды).
Күршім ауданы әкімі аппаратымен өтініштерді орындау барысын бақылау күшейтілген. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасын жақсарту, олардың санын азайту мақсатында ауданның дербес бөлімдері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Мурағат

kn 2015 ж.
2014 ж.
2013 ж.
2012 ж.
2011 ж.

 

Парақтар өзгертілді: 23-01-2017