Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:10

Аудан бөлімдері

«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының білім бөлімі» ММ


Елеубаев Бауыржан Бақытжанұлы-ШҚО Күршім ауданының білім бөлімінің басшысы
1974 жылы 22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін инженер-педагог мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000-2002 жылдары Қ.Нұрғалиев көпсалалы мектеп-гимназиясының өндірістік еңбек шебері және физика пәні мұғалімі, 2002-2005 жылдары Теректібұлақ орта мектебінің директоры, 2005-2007 жылдары Бурабай орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 2007 -2012 жылдары Абай ауылдық округінің әкімі, 2012 жылдың ақпаны-маусымы аралығында Күршім ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2012 жылдың маусым айынынан  Күршім ауданының білім бөлімінің  басшысы.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.

Лауазымдық міндеттері: Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің, мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым  басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Білім саласында бірыңғай мемлекеттің саясатын жүзеге асыру. Қазіргі білім стандартына сай міндетті орта білім беруді жүзеге асырады. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісінің негізгі бөлігі-жалпыға бірдей орта білім беруді қамтамасыз етеді. Олардың әрқайсысының қабілеттеріне, қызығушылығына және қоғамдық қажеттілігіне қарай уақытылы білім алуларына.оны жалғастыруларына мүмкіншілік жасайды. Жеке тұлғаның ой-өрісі мүмкіндігін дамыту, оны заман талабына сай толық, жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етеді. Әртүрлі типті оқу орындарының жүйесін дамыту, білім беру-тәрбиелеу, еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің оқу-материалдық базасын нығайтады. Білім беру ісіне, озық тәжірибе мен жаңа технологияны енгізу, оқу-тәрбие мекемелерін педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, оларды тұрақтандыруға және өздерінің білімі мен тәжірибелерін толық қолдануларына жағдай жасайды. Жалпыға бірдей орта білім алу үшін оқушыларға қажетті мүмкіндік жасайды. Орта білім алушы балалардың есебін жүргізеді. Жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіруді, білім мекемелерінде оқу мен тәрбиенің тиімділігін арттыруды, мектеп пен мектептен тыс мекемелерінің байланыстарын нығайтуды жүзеге асырады. Мектеп алды, мектептен тыс мекемелерінің, жалпы білім беретін мектептердің дұрыс, тиімді орналасу кестесін жасап, іске асырады. Мемлекеттік емес мекемелердің мемелекеттік стандартқа сай білім беруін бағалау және дамуына ықпал етеді. Аудандағы жалпы білім беретін мектептерге, мектепке дейінгі, мектептен тыс балалар мекемелеріне бақылау жасап, оқу-тәрбие және әдістемелік көмек көрсетеді. Жалпы білім беретін мектептердің, мектеп алды және мектептен тыс мекемелерінің, оқу-материалдық базасын нығайтуға жұмыстар жасайды. Жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі балалар, мектептен тыс мекемелерінің оқу бағдарламаларымен, оқулықтармен, әдістемелік-көрнекілік құралдармен, әдістемелік нұқалармен және қатаң есептегі бланкілермен қамтамасыз етеді. Қорғаншы және қамқоршы органдарына ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналастыруда көмек көрсетеді. Білім туралы заңдылықтардың орындалуына бақылау жасайды. Білім мекемелерінде ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылайды. Мұғалімдер мен оқушылар арасында аудандық шараларды ұйымдастырады. Жасөспірімдер арасында қараусыз қалуды, заң бұзушылықты болдырмаудың алдын алу шараларын жүргізеді. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуіне қатысуын ұйымдастырады. Білім саласы қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін жетілдіруде ұсыныстар жасайды. Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдауды жүргізеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қоюды ұйымдастырады. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеуді жүргізеді. Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың қорғаншы (қамқоршыларына) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде куәлік береді. Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге қорғаншы және қамқоршы органының шешімін береді. Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін қорғаншы және қамқоршы органының шешімін береді. Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға қорғаншы және қамқоршы органының рұқсат шешімін береді. Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншы және қамқоршы органының шешімін береді. Кәмелетке толмағанды асырап алып, тәрбиелеуге тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдауды жүргізіп, аудандық сотқа қорғаншы және қамқоршы органының рұқсат шешімін береді. Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтамалар береді. Білім мекемелерін лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы  орта білім бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда)іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Жалпы білім беретін  мектептерге, мектепке дейінгі, мектептен тыс балалар мекемелеріне бақылау жасап, оқу-тәрбие және әдістемелік көмек көрсетеді. Бюджеттік  өтінім,  сметалық  шығындарын  жасап,  бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен  бөлінген  қаржының  мақсатты  пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің,   мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.     

Мекен-жайы: Күршім ауылы Барақ батыр көшесі 25
Қабылдау күндері: сейсенбі 10.00-ден 12.00-ге дейін
Байланыс телефоны 8(72339)31561, 31239 ф
e-mail: kurchumedu@mail.kz

     

 

Парақтар өзгертілді: 30-06-2016