Жексенбi, 30 Сәуір 2017 г. 01:22

Аудан бөлімдері

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Лауазымдық міндеттері: Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің және мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Аудан аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды, нәтижелi жұмыспен қамтуды, жұмыссыздықты азайту, жұмыс орындарын ашуды, еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды, мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiруді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруды, жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын, әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлуін, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiгін, мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуын, мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара әрекеттесуін, халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жүзеге асыруды, халықтың дәрменсiз топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, қайырымдылық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетуді, аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыруды,  жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдауды, қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар іс-тәжірибесін ұйымдастырады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын iске асырады. Халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Мүгедектердi оңалтудың өңiрлiк бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу жұмысын қадағалайды. «Жұмыспен қамту орталығы», «Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің жұмысын қадағалайды. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.   

Мекен-жайы: Күршім ауылы Ибежанов көшесі 69
Қабылдау күндері:
дүйсенбі сағ 16.00-ден 17.00-ге дейін
Байланыс телефоны8(72339) 21330
e-mail: sobez_kurchum@mail.ru

 

 

     

 

Парақтар өзгертілді: 10-04-2017