Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:47

Аудан бөлімдері

Ішкі саясат бөлімі 

Қасымбаева Арайлым Сейтқамзақызы Қасымбаева Арайлым Сейтқамзақызы - ШҚО Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы

Қасымбаева Арайлым Сейтқамзақызы 1982  жылы 19 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келді. 1999 жылы Қаратоғай орта мектебін бітірді. Білімі жоғары.
2003 жылы Алматы қаласындағы № 1 Қазақстан педогогикалық колледжінің  «Бастауыш сыныптарда оқыту педогогикасы мен әдістемесі», 2005 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогика  және психология» факультетін аяқтады. 2015 жылы Қазақстандық-Американдық еркін университетін «Құқық бакалавры» мамандығын бойынша бітірді.
2005 жылдың қыркүйек айынан бастап   «Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің  маманы болып жұмыс істеді.
2007 жылдың шілде айынан бастап «Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман – іс басқарушы болып қызмет атқарды.
2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Күршім ауылдық округі әкімінің орынбасары болып еңбек етті.
2012 жылдың желтоқсан айында Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2015 жылдың сәуір айынан бастап Күршім ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2017 жылдың 4 қаңтарынан бастап Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Функционалдық міндеттері:

Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің және   мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халықтар бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, ауданның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуға бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асырады. Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ  Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының негізгі басымдылықтарын, мемлекеттік ішкі саясаттың басымдылықтарын насихаттау бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру кешенін өткізуді ұйымдастырады. Саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және діни конфессиялармен, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, ұлттық-мәдени орталықтармен конструктивті қарым-қатынасты нығайтады. Мемлекеттік ақпараттық саясат  және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады.  Аудандағы діни жағдайға зерделеу және талдау жүргізеді. Діни іс-әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша дін іс-әрекеттері саласындағы уәкілетті органдарға  ұсыныстар жасайды. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді. Аудан аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдалануына  (тігілуін, орналастыру) бақылау жасайды. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын қадағалайды. Бюджеттік  өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының  мақсатты  пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.      

Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) ауданда ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету, ұйымдастыру;
2) аудандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне  және қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама жасау, болжау, мониторинг жүргізуді  ұйымдастыру;
3) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
4) үкіметтік  емес  ұйымдардың  қызметін  үйлестіру, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын және ынтымақтастығын ұйымдастыру, аудандағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту.

Бөлімнің қызметі:
1) Мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың мемлекеттік және аудандық бағдарламаларын түсіндіру мен насихаттау, бағдарламаларды талдау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіруге қатысады;
2) жергілікті  атқарушы   органдармен   өзара  қарым-қатынасты ұйымдастырады;
3) Мемлекеттік бағдарламаларды, аудан әкімінің, облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмаларын орындауды, сондай-ақ,  Бөлімнің  құзырына енетін сұрақтар бойынша шараларды ұйымдастырады;
4) саяси маңызды оқиғалар туралы, сондай-ақ, діни, қоғамдық-саяси саладағы, мемлекеттік органның ақпараттық-насихат және идеологиялық жұмыстарындағы өзгерістер туралы уақтылы ақпарат беріп отырады;
5) Мемлекеттік  органдардың  бұқаралық-ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасын үйлестіреді және ұйымдастырады;
6)  жергілікті атқарушы органдардың қызметін жария етуде бұқаралық-ақпарат құралдарымен шаралар дайындайды және өткізеді;
7)   аудандағы мерзімдік баспасөзге жазылуды ұйымдастырады;
8) қоғамдық-саяси процестерді болжайды және зерттейді, аудандағы ұлтаралық қатынас сұрақтарын, аудандағы қазіргі саяси жағдай туралы ақпараттарды жүйелейді;
9) Қазақстан  Республикасы  Президентінің  халыққа  Жолдауларын, “Қазақстан-2030” Стратегиясын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат топтарының қызметін, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-насихат жұмыстарын үйлестіреді;
10) үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастыру-тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау жасауды ұйымдастырады;
11) Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялардың, аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі және жастар мәселелері жөніндегі кеңестердің жұмысына басшылық жасайды;
12) ауданда  мемлекеттік  жастар саясатын жүзеге асырады,  жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаларды  жасайды, жүзеге асырады және оны  қаржыландырады;
13) өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша әдістемелік-кеңестік органдарды құрады және жұмыс жүргізуін қамтамасыз етеді;
14)  аудандағы қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасайды;
15) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiң аудан аумағында пайдаланылуын (орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
16) «Шығыс ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Күршім ауданы бойынша «Рауан-Заря» бөлімінің бағдарлама әкімшісі болып табылады.
17) Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген  өзге де құқықтарды жүзеге асырады.


Мекен-жайы:
Күршім ауылы Ибежанов көшесі 23
Қабылдау күндері: сәрсенбі 10.00-ден 12.00-ге дейін
Байланыс телефоны 8(72339)21714, 21174 ф
e-mail: ovp_kurchum@mail.ru


     
Парақтар өзгертілді: 03-05-2017