Жұма, 26 Мамыр 2017 г. 13:16

Аудан бөлімдері

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

Маденов Саят Шаурахметович Ашманов Серікқан Тоқанұлы – ШҚО Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
1962 жылдың 16 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақши ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987 жылы Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы бойынша тәмамдаған. 1979-1980 жылдары Қалғұты совхозында жұмысшы болып жұмыс істеді. 1980 – 1982 жылдары әскери борышын өтеді. 1987-1994  жылдары «КПСС ХХІІ съезі» атындағы совхоздың №4 фермасының ветеринарлық фельдшері, «Күршім» совхозының бас мал дәрігері болып еңбек етті. 1994 – 2009 жылдар аралығында №27955 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарды. 2010 – 2012 жылдары Күршім ауылдық округі аппаратының бас маман-ветеринары, 2012-2015 жылдары Күршім ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ветеринария жөніндегі бас маманы,  ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2015 жылдың наурызынан Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Отбасылы. 3 бала тәрбиелеп өсірді.

Лауазымдық міндеттері: Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Аудан аумағында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады. Аудан аумағында сауда қызметін реттейді. Туристік қызметті дамыту мәселелері жөніндегі мемлекет саясатының негізгі бағыттарын іске асырады. Туристік қызметке жәрдемдеседі  және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Ауылда экономикалық реформаның негізгі бағыттарын орындауды және іске асыруды ұйымдастырады және осының негізінде аграрлық сектордың, оның даму тенденциясының перспективаларын анықтайды. Нарықтық инфрақұрылымды  және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымды құруға көмек көрсетеді, бірыңғай қаржылық-инвестициялық саясат пен есепті жүргізеді. Жеке меншік негізінде ауылда әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың дамуына және құрылуына көмек көрсетеді. Ғылыми-техникалық үдерістің негізгі бағыттарын анықтайды және оларды іске асыру жолдары мен тәсілдерін, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауды енгізуге көмек көрсетеді. Аудан аумағында азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізеді.  Аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды. Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді. Сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады. Бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірісін дамыту үшін жағдай жасайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады. Аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады. Аудан аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады. Және оны облыстың жергілікті атқарушы органына береді. Аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді. Аудан аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді. Балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады.  Агроөнеркәсіптік  кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады. Ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізеді. Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел  ақпарат жинауды жүргізеді және оны Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына береді.  «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізеді. Тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізеді және Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына есептілік ұсынады. Бюджеттік  өтінім,  сметалық  шығындарын  жасап,  бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен  бөлінген қаржының  мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің,   мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.                

Мекен-жайы: Күршім ауылы Барақ батыр көшесі 25
Қабылдау күндері:
бейсенбі сағ 9.00-ден 18.00-ге дейін
Байланыс телефоны 8(72339) 31082, 31174 ф
e-mail:selhoz.kurchum@mail.ru

 

     
Парақтар өзгертілді: 30-06-2016