Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018 г. 11:34

Аудан бөлімдері

«ШҚО Күршім ауданының жер қатынастар бөлімі» ММ

Маденов Саят Шаурахметұлы Маденов Саят Шаурахметұлы – ШҚО Күршім ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы 
1977 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Калинин ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Ақмола аграрлық университетін жерді үйлестіруші - маманы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек  жолын  2000 жылы Күршім ауылдық округінде жерді үйлестіру маманы болып бастаған. 2002-2013 жылдары  Күршім ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2013 жылдың ақпанынан Күршім ауданы   жер   қатынастары   бөлімінің  басшысы.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

Лауазымдық  міндеттері:  Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізеді. Жер заңдарын және атқарушы органдардың шешімдерін орындайды. Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастырады. Нақты жерлердің болуы және олардың санаттары, алқаптар, жер учаскелерінің меншік иелері және жерді пайдаланушылар бойынша бөлінуі туралы, бүлінген жерлерді қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы есептерді жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен аудан аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.  Жер қатынастарын реттеу, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара       іс-қимыл        жасайды. Иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Ауданның жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және  олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен  шешiмдерiнiң жобаларын, жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлауға  байланысты  мақсаттары  үшiн  жер  учаскелерiн беру жөнiндегi  аудандық  атқарушы  органның  ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын, мемлекет  мұқтажы үшiн  жер  учаскелерiн  мәжбүрлеп  иелiктен шығару  жөнiнде   ұсыныстарды дайындайды. Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындайды. Мемлекет  жеке  меншiкке  сататын  нақты жер учаскелерiнiң  кадастрлық  (бағалау) құнын, жерге орналастыруды  жүргiзудi  ұйымдастыру  және  жер  учаскелерiн  қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiтеді. Жердi  аймақтарға  бөлу  жобаларын  және  аудандардың, облыстық  маңызы бар  қалалардың  жерiн  ұтымды  пайдалану  жөнiндегi бағдарламаларды,  жобалар  мен   схемаларды, елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық  орналастыру  жобаларын әзiрлеуді, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастырады. Жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзеді. Жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын  береді. Жер учаскесiн сатып алу - сату  шарттары  мен  жалдау  және  жердi  уақытша  өтеусiз  пайдалану  шарттарын  жасасу  және  жасалған  шарттар талаптарының  орындалуын бақылауды жүзеге асырады.  Жер Кодексінің  71-бабына  сәйкес  ауданның,  облыстық  маңызы бар  қаланың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн  жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi, ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру,жердi резервке қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды. Бюджеттік  өтінім,  сметалық  шығындарын  жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен  бөлінген  қаржының  мақсатты  пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің,   мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Мекен-жайы: Күршім ауылы Б.Момышұлы көшесі 77
Қабылдау күндері: бейсенбі сағ 9.00-ден 18.00-ге дейін
Байланыс телефоны 8(72339) 21593
e-mail:zem_kurhum@mail.ru

Жер телiмiне құқығын берудiң жалпы тәртiбi *.doc 97 kB
Жер қатынастары бөлімі 2010 жылдың I жарты жылдығын қорытындылады *.doc 1.2 MB

 

Парақтар өзгертілді: 20-02-2018