Сейсенбi, 11 Желтоқсан 2018 г. 05:06

Аудан бөлімдері

«ШҚО Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Өлмесеков Бақытхан Фазылұлы Өлмесеков Бақытхан Фазылұлы - ШҚО Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
1956 жылы  6 наурызда  Шығыс  Қазақстан  облысы Күршім  ауданы  Тастоған  ауылында  дүниеге келген. Білімі жоғары. 1981 жылы  Қазақ  мемлекеттік  ауыл  шаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.  Еңбек  жолын 1973 жылы  «Қалғұты» совхозының  Ақши фермасында шопан болып бастады. 1974 - 1976 жылдар аралығында  әскери  борышын  өтеді. 1981 – 1987 жылдары Абай совхозында инженер-техник мамандығы бойынша жұмыс істеді. Абай ауылдық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды. Бірінші сессияның шешімімен  Абай  ауылдық  кеңесі  атқару комитетінің төрағасы болды. 1981-1987 жылдары Абай совхозында техника қауіпсіздігінің инженері, механигі,  трактор – суғару бригадасының бригадирі, «Қалғұты»  совхозының  инженері,  Абай  совхозында  гараж  меңгерушісі  болып  еңбек  етті. 1987  –  1993      жылдары     Абай      ауылдық      кеңесінің     төрағасы, 1993 – 1997 жылдары        Абай ауылдық      әкімшілігінің басшысы, 1997 - 2006 жылдары Абай ауылдық округінің әкімі, 2006-2016 жылдары Күршім ауданының мәдениет және тілдерді дамыту және ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің  басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдың қаңтар айынан Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. 
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсірді.

Лауазымдық  міндеттері:  Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлерді және мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Ауданда мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды. Мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолданады. Мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның беделін нығайтады, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды. Дене  шынықтыру  және  спортпен шұғылданушы тұлғалардың өмірін және денсаулығының қауіпсіздігін, сонымен қатар спорттық іс-шарлар мен дене шынықтыру-сауықтыруға қатысушылар мен көрермендерін және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауларын қамтамасыз етеді. Ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін өркендету, дене  шынықтыру  мен спортты қолдау және ынталандыру, дене  шынықтыру  және  спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базасын өркендету, еркін қызмет принципінде негізделген, сонымен қатар олардың құрылымының ерекшеліктерінде, әлеуметтік және  жалпы білім қызметтерін есепке ала отырып барлық спорт түрлерінің өркендеуіне ықпал ету жұмысын үйлестіреді.Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ауданның, сауықтық мәдени- бұқаралық іс- шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады. Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады. Қазақстан халықтары Ассамблеясының жұмысын үйлестіреді. «Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы Күршім аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет бос уақыт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмысын қадағалайды.
Бұқаралық дем алу орындарында және тұлғалардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымын құрады. Аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстарын өткізеді. Облыстық спорттық жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен  ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді. Аудан аумағында ұлттық спортты және бұқаралық спортты өркендетуді қамтамасыз етеді, ауданның спорттық-дене шынықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіреді. Спорттық разрядтарды,  спорттық біліктілік категориялар тапсырады. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбелігін іске асырады. Ааумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді реттейді. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған,  аудан  аумағында нысан және мерзімі бойынша дене шынықтыру және спортты өркендету бойынша облыстың жергілікті атқару органдарына ақпаратты беруді, талдауды және жинақтауды іске асырады. Өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының ұсынымы бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімін құрайды және бекітеді. Арнайы дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады. Дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық тәртіпті және бұқаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Аудан аумағында спорттық құрылымдар құрылысы салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.  Спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді. Ауданның арнайы мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызмет етуін қамтамасыз етеді. Бюджеттік  өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды  дайындап бюджеттен  бөлінген  қаржының  мақсатты  пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.           

Мекен-жайы: Күршім ауылы ул.Абылайхан 86
Қабылдау күндері: сәрсенбі сағ 14.00-ден 18.00-ге дейін
Байланыс телефоны8(72339) 21825
e-mail: kurchum_kultura@mail.ru

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары

     
Парақтар өзгертілді: 20-02-2018