Аудан бөлімдері

«ШҚО Күршім ауданының ветеринария бөлімі» ММ

Жампеисов Талгат БатырхановичЖампейісов Талғат Батырханұлы - ШҚО Күршім ауданының ветеринария       бөлімінің   басшысы 

1964 жылы 22 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректібұлақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1986 жылы  Семей қаласының зоотехникалық мал дәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы бойынша  тәмамдаған.  1986 - 1997 жылдары  Высокогорск, Топтерек, Қайыңды совхоздарының мал дәрігері, бас мал дәрігері, Құйған ветучаскесінің мал дәрігері болды. 1998-2010 жылдары ҚР Ішкі істер бөлімінде қызмет атқарды. 2010-2011 жылдары Олжас шаруа қожалығының мал дәрігері, 2011-2013 жылдары Балықшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-ветеринары, 2013-2019 жылдары Күршім ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары, ветеринария бөлімі басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылдың  тамыз  айынан  Күршім ауданының ветеринария бөлімінің басшысы. 
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

Функционалдық міндеттері:

Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлердің және мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.  Ветеринария  саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз етеді. Халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғайды. Жануарларды аурулардан қорғайды және емдейді. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғайды. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алады және оны жояды. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады. Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастырады. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандырады (зарарсыздандырады) және қайта өңдейді. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтейді. Аудан шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзеді. Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды: iшкi сауда объектiлерiнде, жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда), ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарда, экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде, экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша,  тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында,  экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асырады. Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасайды. Аудан аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады. Уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттiлiктi айқындайды және облыстың жергiлiктi атқарушы органына ақпарат береді. Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді. «Күршім мал дәрігері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысын қадағалайды. Бюджеттік  өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды  дайындап, бюджеттен  бөлінген  қаржының  мақсатты  пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  

 

 Қабылдау күндері: сәрсенбі сағ 9.00-ден 12.00-ге дейін

Мекен-жайы: Күршім ауылы, Барақ батыр көшесі, 25
Байланыс телефоны: 8(72339) 31111
 e-mail: kurchumv@mail.ru


     
Парақтар өзгертілді: 28-08-2019