Жұма, 20 Қыркүйек 2019 г. 21:00

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік органнның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есебі

Күршім ауданы бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2017 жылғы қызметі туралы есеп

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы реттейді. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртібі осы Заңның 19 - бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.
2017 жылдың ішінде Күршім ауданының тұрғындарына 68899 қызметтің түрі көрсетілді. Соның ішінде 2837 мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет»Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, баламалы қызметтер бойынша мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдары арқылы 64018  қызметтің түрі, «Электронды түрде - 493 (ЭҮП – 235, Е-лицензиялау – 258) 2017 жылы электрондық түрінде көрсетілетін қызметтердің үлесі 1,62%, өткен кезеңнен 0,8% жоғары.
2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Алдағы уақытта жоғарыда аталған кемшіліктерді болдармау және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында тиісті шаралар қабылданды.
Аталған көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп бақылауда ұсталынуда.

 

Күршім ауданы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы реттейді. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртібі осы Заңның 19 - бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентттері және стандарттары, Күршім ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі, электрондық мемлекеттік қызметті қалай алуға болатындығы туралы ақпарат Күршім ауданы әкімінің ресми сайтында (www.kurchum.vko.gov.kz) орналасқан.
2017 жылдың 1 тоқсанда жеке және заңды тұлғаларға 7608 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 596 мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, 26 мемлекеттік қызмет  электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.
2017 жылдың 1 тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.

 

Мұрағат

 

Парақтар өзгертілді: 20-02-2018
*Имя: 
*E-mail: 
*Сообщение: 
 Поля отмеченные "*" обязательные для заполнения
*Проверка: 1+10=