Дұйсенбi , 21 Тамыз 2017 г. 10:48

Спорт

Күршім ауданында спорт саласы бойынша 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы 

Ауданда бүгінде спортпен халықтың жүйелі түрде шұғылдануы үшін, қолжетімді 193 спорт объектісі бар. Оның ішінде: 33 спортзал, 11 хоккей қорапшасы, 2 стадион, 4 жасанды жабындысымен кіші футбол алаңдары және 143 жазық жердегі спорттық құрылғылар. Білім беру мекемелеріндегі 28 спортзал сабақтан тыс мезгілде және сенбі, жексенбі күндері тұрғындардың спортпен жүйелі түрде  шұғылдануы үшін тегін берілген.
Аудандағы спорт саласындағы жұмыстарды ұйымдастырып, басшылық жасайтын дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары, 12 ауылдық округтің спорт нұсқаушылары, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 33 жаттықтырушылары және аудан мектептерінің 74 дене тәрбиесінің мұғалімдері.
Мектептердегі спорт үйірмелерінде 2834 оқушы спорттың волейбол, футбол, баскетбол, шахмат, дойбы, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шаңғы, шайбалы хоккей, гір спорты, қол күресі, қазақ күресі, еркін күрес түрлерімен шұғылданады. Балалар-жасөспірімдер мектебінде былтырғы жылы 962 бала жаттықса, биылғы 2015 жылда 1038 бала спорттың 9 түрімен шұғылданады.
Ауданда жастардың, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін 2015 жылдың 9 айында 150 спорттық шара өткізілді. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың 9 айымен салыстырғанда 15 бірлікке артық.
Ауданда жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың саны 2015 жылдың 9 айында 8563 адам, яғни халықтың 31 %, бұл көрсеткіш 2014 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2,2 % өсті. (9 айда 8307 адам).
Ауданымызда ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытында көптеген жұмыстар қолға алына бастады. Сарыөлең және Күршім, Қойтас, Алғабас  ауылдарында  көкпар алаңдары салынып, көкпардан турнирлер өткізіліп тұрады.
Ауылдық округтердегі 70 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  спортпен айналысуына жағдай жасалған.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтармен әртүрлі спорттық жарыстар өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары жасалып бекітілген. Осы жоспар бойынша үстел теннисінен, кіші футболдан, қол күресінен, шахмат, дойбы, «Көңілді старт» ойындары Күршім, Қалжыр, Теректі және Боран ауылдарында ұйымдастырылды. Олардың ішінде қол күресінен өткен республика біріншілігінде, 2015 жылдың 01-02 шілдесі күні Өскемен қаласында өткен паралимпиялық ойындарда А.Құнапиев пауэрлифтингтен  чемпионы атанып, бүкілдүниежүзілік паралимпиядалық ойындарға жолдаманы жеңіп алып, Сочи қаласында қол күресінен 3 орынды иеленді.
Ауданда ардагерлер арасындағы спортты дамытуға қолдау көрсетіліп, әртүрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Атап айтар болсақ волейбол, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбыдан жарыстар өткізу жолға қойылған.
Ауданда Елбасымыз алға қойған салауатты өмір салтын насихаттауды, жүзеге асыру жұмыстары одан әрі жалғасын табады. Жастардың, жасөспірімдердің арасында патриоттық, отан сүйгіштік тәрбиені насихаттау бағытында да көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтар болсақ: Кеңес Одағының батырлары  П.ПЖурба, В.В.Бунтовских, А.П. Кукин, А.С.Крахмаль, Ұлы Отан соғысы ардагерлері А.Ж.Ибежанов, С.Тоқаев, А.Мусин, Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Б.Рыспаевпен С.Жеңісханов және ағайынды шекарашылар Вячеслав және Александр Рахмандарды еске түсіруге арналып өткізілген турнирлердің жас ұрпаққа берер тағлымы зор.
Аудан спортшылары 2015 жылдың 12-16 маусымы аралығында ШҚО Өскемен қаласында  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өткен  XIХ облыстық халықтық ойындарға спорттың 18 түрінен қатысып аудан намысын қорғады, 14 ауданның ішінде жалпы командалық есепте  Күршім ауданы 10 орынды еншіледі.
Осы облыстық ойындарда  кейбір спортшыларымыз жеңіс тұғырына шығып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:  қол күресінен 90 кг салмақ дәрежесінде Артем Аубакиров чемпион атанса, + 100 кг салмақ дарежесінде Заңғар Ашманов сыңға түсіп жүлделі екінші орынға ие болды. Граната лақтырудан   қыздар арасында  Маралды ауылының спортшысы Қайролда Айнаш катысып үшінші орынды иеленді, волейболдан ерлер құрама командасы Өскемен қаласынан кейінгі екінші орынды иеленді.  Аудан намысын қорғаған тұлпарларымызда жүлделі орындардан көрінді. Мысалға 15 ш/м бәйгеден Сексенбаев Ерік баптаған «Курчум» атты сәйгүлігі мәре сызығына екінші болып келді.
Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасында 2011 жылы 7 орын алсақ 2012 жылы 5 орын, 2013 жылы 2 орын, ал 2014 жылы 1 орынды иелендік.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда 11 хоккей қорапшалары, атап айтар болсақ Күршім №1, №3, №4, №5 мектептерінде, Теректі №1 орта мектебінде, Қалжыр орта мектебінде, Боран ауылында, Ақсуат орта мектебінде және Барақ батыр орталау мектебінде жұмыс істеуде. 2015 жылы Сарыөлең және Қойтас орта мектебінде хоккей қорапшалары қолданысқа берілді, шайбалы хоккейден оқушылар арасында және ересектер арасында қыс маусымының ашылуына турнирлер ұйымдастырылып өткізілді.
Шаңғы маусымының ашылуына арналған жарыстар қаңтар, ақпан айларында Күршім, Маралды ауылында әр жас ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылып өткізілді.
Ауданда жоспарланған аудандық спорттық шаралардың бәрі өз деңгейінде өтіп отыр. Ауданда өтіп жатқан спорттық, көпшілік шаралардың бәрі аудандық «Рауан-Заря» газетінің беттерінде, аудан әкімінің сайтында жарияланып, халық арасында насихатталып отырады.

 

Дене шынықтыру және
спорт бөлімінің  басшысы Қ.Бахтияров

 

Парақтар өзгертілді: 24-12-2015