Дұйсенбi , 24 Сәуір 2017 г. 15:27

Ақпараттық технологиялар

Қоғамдық қол жеткізу пункті

Қоғамдық қол жеткізу пункттерін (ҚҚЖП) құру негіздері
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасында 2005 – 2007 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.
3. Қазақстан Республикасында 2005 – 2007 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс – шаралардың Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.

Мақсаты

1. Мемлекеттік және басқа да ақпараттық ресурстарға тең құқықты қол жеткізуді қамтамасыз ету.
2. Ауылдық аудандар мен шағын қалалардың тұрғындары мен мегаполистің арасындағы ақпараттық теңсіздікті жою үшін жағдай жасау.
3. Интернет – технологияны пайдалану арқылы компьютерлік және жалпы сауаттылықты арттыру.

Тағайындаулар

1. Анықтамалық ақпарат беру.
2. Азаматтар мен үкіметтік органдардың әрекеттестігін қамтамасыз ету.
3. Құжаттар мен анықтамаларды басып шығару.
4. Жеке мәліметтерді, байланыс және басқа да ақпараттарды енгізу.
5. Интернет жүйесіне, электрондық пошта жұмысына қол жеткізу.

Артықшылықтар

  • Эргономиктік және ықшамдық;
  • Сенсорлық экран;
  • Принтер (А4 форматы);
  • Өндіргіш компьютер.
  • ҚҚЖП түрлері

1-ШІ ТИПТІ ҚҚЖП (ақпараттық киоск)
Азамат қажетті ақпаратты өз еркімен (яғни жұмыс істеудің белгілі дағыларын білу) орнату нобайдың артықшылығы. Сонымен қатар, қызметті қолдануға аз уақыт кетеді. Ақпараттық киоск жұртшылықты орында, оны бүлінуден немесе ұрлаудан сақтау үшін бақылайтын ұйымның жанында орналасқан.
   
ІІ-ші типті ҚҚЖП (ПК, сканер, принтер)       
Азамат үшін электрондық қызметті алу кезінде сканерлеу, құжатты басып шығару және кеңес алу (қажет болған жағдайда) мүмкіндігі қарастырылған. Кітапханаларда, «Қазпошта» АҚ бөлімдерінде, білім беру мекемелерінде және кітапханаларда орнатуға ұсыныс жасалуда.


Қоғамдық қол жеткізу пунктін пайдалану бойынша нұсқаулық

1. Сенсорлық экранда көрсетілген сол жақта жоғарғы бұрышта ақпаратты алу үшін көмекші кестелік элементтерді (кнопкаларды) пайдаланып қолдану қажет: 1-ші кнопка – «алға», 2-ші кнопка – «артқа», 3-ші кнопка – «тоқта», 4-ші – «сеансты бітіру».
2. Жұмысты бастау үшін оң жақта жоғарғы бұрышта орналасқан «мекен жайлық жолға» курсорды орнатып саусақпен басу керек.
3. Төмендегі мәзірден таңдап немесе «экрандық клавиатураның» көмегімен оң жақтағы төменгі бұрышта орналасқан ақпараттық ресурстың мекен- жайын, теріп жазу.
4. Қол жеткізімдік ресурстарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының сайттары мен порталдары жатады, соның ішінде:
Шығыс Қазақстан  облысы әкімінің сайты www.akimvko.gov.kz
ҚР «электрондық үкімет» порталы www.e.gov.kz    
5. Ресурстардың беттерін және басқарма беттерін қозғалту үшін экрандағы кнопкаларды пайдалану керек.
6. Таңдалған нысанды басып шығару үшін сол жақта төменде орналасқан «басып шығару» кнопкасына басу керек.

Күршім ауданының аумағында қоғамдық қол жеткізу пункттерінің орналасқан жерлері 


п/п

Қоғамдық қол жеткізу пункті

Ұйымның атауы

Мекен-жай

1

Ақпараттық киоск

«Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ

Күршім ауылы Ибежанова көшесі 23

2

Ақпараттық киоск

Халыққа қызмет көрсету орталығы

Күршім ауылы Б.Момышұлы көшесі 77

3

Ақпараттық киоск

“Күршім ауданы бойынша салық басқармасы” ММ

Күршім ауылы Бунтовских көшесі 2

4

II-ші типті қоғамдық қол жеткізу пункті

Күршім аудандық кітапхана

Күршім ауылы
Исабекова көшесі 19

II-ші типті қоғамдық қол жеткізу пунктінің жұмыс уақыты : сағат 9.00 - ден 18.00- ге дейін (түскі үзіліс 13.00-14.00), демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

 

 

Парақтар өзгертілді: 15-09-2015