Сейсенбi, 11 Желтоқсан 2018 г. 05:14

Ветеринария

2017 жылдың І-жартыжылдығына ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат *.doc 157 KB
Ветеринария бөлімінде 2016 жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысы *.doc 27 KB
2015 жылдың атқарылған жұмыстары туралы ақпарат *.doc 39 KB
Күршім ауданы бойынша елді мекендер, мал қорымдары мен мал сою нысандары туралы туралы ақпарат *.xls 29 KB

 

Күршім ауданында 2018 жылдың 9 айында ветеринария саласы
бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Ақпарат

2018 жылдың 9 айында сарып ауруына жоспарлы 76 мың 830 басмүйізді ірі қара малы тексеріліп, оның 193 басы (0,25 пайыз) оң нәтиже көрсетті (2017 жылы 332 бас 0,47 пайыз), 198 мың 100 бас мүйізді ұсақ малы тексеріліп, оның 160 басы (0,08 пайыз) оң нәтиже көрсетті (2017 жылы 97 бас 0,05 пайыз), 152 бас жылқы, 7 түйе, 50 марал тексерілді, оң нәтиже көрсеткендері жоқ, жоспарлы 292 ит тексерілді, оң нәтиже көрсеткені 27 бас (9,2пайыз). Қосымша бруцеллезден сауықтыру жұмыстары жүргізілген жайсыз ошақтарда 9428 бас ірі қара тексеріліп, оның 261 басы (2,77 пайыз), 34 ит тексеріліп, оның 12басы оң нәтиже көрсетті.
Сарыпқа оң нәтиже көрсеткен ірі қара малдарын санитарлық сою кезінде патологиялық өзгерістер анықталған 103 бас ірі қара ұшалары жасалған меморандумға сәйкес Өскемен қаласындағы «Өскемен-Ұлан ет консерві зауыты» ЖШС-не өңдеуге өткізіліп, тиісті құжаттарын өткізген 77 бас ірі қара малдарының иелеріне 4 млн. теңге өтемақы төленді. Сарыпқа оң нәтиже көрсеткен ұсақ малдың 142 басы мал иелерінің өтінішімен жойылды, 8 басы қайта өңдеуге өткізілді.
Малдары сарып ауруына оң нәтиже көрсеткен мал иелеріне ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес ауру малдарды уақытылы жою және ауру мал тұрған орындарды тазалап, залалсыздандыру жүргізуге 328 нұсқама, басқа бұзушылықтар бойынша 22 нұсқама беріліп, нұсқама талаптарын орындамаған 1 заңды тұлғаға 50 АЕК, 1 жеке тұлғаға 10 АЕК, 1 жеке тұлғаға 20 АЕК мөлшерінде, барлығы 192 400 теңге айыппұл салынды.
Сарып ауруының алдын-алу мақсатында жыл басынан аудан бойынша барлығы 2373 бас ірі қара малы ақылы түрде мал иелері есебінен заңдылық талаптары сақтала отырып РВ-51 вакцинасын қолдану арқылы егілді, бүгінгі күні егу жұмыстары жалғасын табуда.
Жоспарлы түрде 9 айда сібір жарасына қарсы 63 000 бас мүйізді ірі қара малы, 190 000 бас ұсақ мал, 13 000 бас жылқы, 200 марал, аусылға қарсы 107 000 бас ірі қара, 330 000 бас ұсақ мал, қарасанға қарсы 50 000 бас ірі қара, құтырыққа қарсы 10 000 бас ірі қара, 2500 бас ұсақ мал, 3 000 ит, листериозға қарсы 2000 бас ірі қара, 2000 бас ұсақ мал, обаға қарсы 5 000 бас ұсақ мал, шешекке қарсы 70 000 бас ұсақ мал, құс тұмауына қарсы 5 000 бас құс егіліп, эхинококкозға қарсы 20 000 ит дәріленіп, туберкулезге 82 000 бас ірі қара, 200 бас марал, маңқаға 3 000 бас жылқы тексерілді. Бүгінгі күнге егу жұмыстары жоспарға сәйкес күнделікті атқарылуда.
Ветеринариялық іс шаралар ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, ережелерге сәйкес атқарылып, мәліметтер АЖБ базасына кіргізілуде, 2018 жылдың 01 қазанына мүйізді ірі қараға 9 айда жоспарланған 359 000 профилактикалық екпелердің АЖБ базасына кіргізілгені 319 013 (орындалуы 88,8%), мүйізді ұсақ малға жоспарланған 599 500 профилактикалық екпелердің кіргізілгені 517 638 (орындалуы 86,4%).
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары күнделікті жүргізіледі, 2018 жылдың 9 айында 2018 жылға бірдейлендіру жоспарланған 32340 бас ірі қара төлінің бірдейленгені 25091 бас, орындалуы 77,5 пайыз, дерекқор базасына толықтай енгізілді. Бірдейлендіру жоспарланған 76375 бас ұсақ мал төлінің сырғаланғаны 52839 бас, орындалуы 69,2 пайыз, толықтай дерекқор базасына кіргізілді. Бірдейлендіру жоспарланған 8231 бас жылқының таңбалау әдісімен бірдейлендірілгені 1074 бас, орындалуы 13 пайыз, дерекқор базасына толық кіргізілген.
2018 жылдың 9 айында ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы 3131ветеринариялық анықтама, 27796 ветеринариялық паспорт, 191 АШЖБ-нан үзінді-көшірме, 12 ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілді.
Аудан орталығындағы сенбілік жәрмеңкеде және ет сататын 5 сауда нүктелерінде саудаланатын өнімдердің барлығының аудандық ветеринариялық зертханадан сараптамадан өткізілуі, ілеспе құжаттарының болуы қадағаланады.
Аудан бойынша жергілікті бюджеттен қаңғыбас ит, мысықтарды аулап жою жұмыстарына 2018 жылға 1 млн 493 мың тенге қаржы бөлінген, 2018 жылдың 9 айында 298 ит ауланып, жойылып, 747 мың теңге игерілді.
Аудандық бюджеттен 2018 жылы ветеринария саласына ауру малдарды тасымалдауға 1 млн 489 мың теңге, мал қорымдарын күтіп-ұстауға 2 млн 284 мың теңге, интернет байланысын, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасын қамтамасыз етуге 5 млн 476,7 мың теңге, биопрепараттарды тасымалдауға және сақтауға 178,7 мың теңге, эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға барлығы 99 млн. 863 мың теңге қаражат бөлінген, бөлінген қаражат жоспарға сәйкес игерілуде.
Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу бойынша барлық ветеринарлық пункттерде стендтер жасалып ілініп, ветеринария саласы бойынша аудандық «Рауан-Заря» газетіне 2017 жылы 9, 2018 жылдың 8 айында 8 мақала жарияланды.
Бүгінгі күнге ауданда эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Ветеринария бөлімінің басшысы Ө. Шақаев

 

Парақтар өзгертілді: 23-10-2018