Дұйсенбi , 18 Желтоқсан 2017 г. 11:00

Құқық қорғау ұйымдары

Әділет басқармасы

ҚР ӘM ШҚO әділет департаменті Күршім ауданының Әділет басқармасының бастығы - Айгүл  Нұролдақызы Мұхамадиева

Туған жылы 29 қаңтар 1956ж  Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ойран селосы
Екі жоғары білімі бар- мұғалім  және заңгер.
1974 жылы     Украина мемлекетінің Нежин қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетіне оқуға түсіп 1978 жылы тамамдаған.
2003-2005 жылдары Алматы қаласының «УНАТ» жоғарғы оқу орнында сырттай оқып заңгер мамандығын алған.
1978-1979 жылдары Маралды орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
1979-1986 жылға дейін  ауданның Алғабас орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінен сабақ берді.
1986-2004 жылға дейін Күршім аудандық АХАЖ(ЗАГС) бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2004-2007 жылдары Күршім ауданы Әкімі аппаратында бас маман және кеңсе бөлімінің меңгерушісі болды.
2007 жылдың 29 наурызынан бастап Күршім аудандық Әділет басқармасының бастығы қызметін атқарады. 
Жанұяда екі баласы, 3 немересі бар.   

Аудандық әділет басқармасының міндеттері мен функциялары

1) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік  құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;
2) құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
3) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
4) діни сенім бостандығына құқықтарды ету мен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға жеке куәліктер мен паспорттар беруді  жүзеге асыру;
6) азаматтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру;
7) заң шығарушылық қызметі жүзеге асыру;
8) заңға сәйкес әкімшілің құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу бойынша анықтауды жүзеге асыру;

Күршім аудандық Әділет басқармасының 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары жайлы
   

   Мекен-жайы:
Күршім ауылы  Б.Момышұлы 77
Пошталық индекс:071200
Байланыс тел: 21678, 21970

Парақтар өзгертілді: 24-12-2015